БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМГЕ НЕ КІРЕДІ?

Қоғам
273 Views

2019 жылдың 3 қаңтарында «Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Салықкодексіне өзгерістермен толықтырулар болып бірыңғай жиынтық төлем енгізілген. Оныңішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтықтөлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді.

Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда Бірыңғай жиынтық төлем: қала тұрғындары үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, немесе 3 450 теңге; Ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 725 теңгені құрады.

Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 3 мың 450 теңгені құрап отыр.

С. Р. ҚҰРАЛБЕК,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *