Шерхан Санатұлы РАХМАТИЛЛА 1993 жылы қазіргі Түркістан облысының Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық әкімдігінің аумағында дүниеге келген. Ғани Мұратбаеватындағы №93 орта мектептің түлегі. Жастайынан әкесінің ағаларына еліктеп, полицей болуды армандаған. Сөйтіп, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігіне қарасты милиция академиясына оқуға түсіп, оны 2014 жылы бітіріп шыққан. Бүгінде Келес ауданындағы полиция бөлімі кадр саясат тобының инцпекторы болып қызмет істейді. Шені – полиция капитаны. Отбасылы, бірұл, бір қыздың әкесі.
Ол өзінің атқаратын қиын да жауапты қызметін мінсіз орындаумен бір қатарда әдеби көркем дүние жазумен де айналысады. Біз бүгін оның қазіргі күллі әлемді күңірентіп отырған коронавирус індетіне байланысты жазған «Бұл күндерде өтеді» атты өлеңін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.
БҰЛ КҮНДЕР ДЕ ӨТЕДІ…
Бұл қазақты тағдыр талай сынаған,
Елім-ай деп, жерім-ай деп жылаған.
Қаншама рет талқан болды шаңырағы,
Қайсар халқым қайта оны құраған.
Уа, ағайын, тағы келді бір сынақ,
Коронавирус тістемекші қыршып ап.
Көзімізге көрінбейтін бұл індет,
Көрші елден бізге жетті ұнғалап.
Қалмау үшін отың сөніп күл болып,
Уа, ағайын, жұмылайық бір болып,
Бір тәртіпке бағынбаған халықтың,
Білесің ғой кететінін құл болып.
Дұрыс болар сабақ алсақ өткеннен,
Қазақ бастан небір кезең өткерген.
Ынтымақ пен бірлігіміз жарасса,
Бақ-береке қаша қоймас текті елден.
Құлақ түріп айтылған бар ескертуге,
Жұмылайық коронавируспен күресуге.
Тәртіп сақтап баршаны шақырайық,
Атсалысып күресуге бізбен бірге.
Өте шығар бұл күндер де бір күні.
Көрсетейік басқаларға үлгіні.
Жеңем десең бұл індетті ертерек,
Үйден шықпа, үйде отыр,
Біз Сіз үшін жұмыстамыз күн-түні.