ҮЙДЕН ЖЫРАҚ КЕТУДІҢ СОҢЫ БАЛАНЫҢ ЖОҒАЛУЫНА ӘКЕП СОҒАДЫ

Қоғам
298 Views

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ювенальды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Байхан қаладағы №96 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып кездесу өткізді. Онда оқушылардың заңсыз заттарды алып жүруін қадағалап, арнайы құрылғы қолданып тексеру жұмыстарын жүргізді, түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында ойынханалар, мешіттер, көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізілетіні айтылды. Жасөспірім балалардың туыстарына айтпай, үйден жыраққа шығып кету жайттарының соңы баланың жоғалуына әкеп соғуда.

«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтінін де айта кету керек», — дейді ювенальды полиция өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *