«ЕКІ АРАДА ДОП БОЛҒАН «БЮДЖЕТ» ҚАРЖЫСЫ НЕМЕСЕ ШАДИЕВАНЫҢ ШАРАСЫЗДЫҒЫ НЕДЕ?»

Мәселе Қоғам
1 259 Views

Әділет газетінің өткен санында Түркістан облысы Сайрам ауданының (білім бөлімі) қазіргі адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Құралай Шадиева ханымның басшылық әрекетіндегі келеңсіздіктер туралы мақала жарияланған болатын. Облыс әкімдігінің назарына жарияланған бұл мақалада аудандағы «Күншуақ» балабақшасын да тілге тиек етілген еді. Сондай ақ оқырман назарына Қ.Шадиева басқаратын мекеменің қаржылық жағдайына байланысты зерттеу зерделеу жұмыстарының нәтижесін де жариялаймыз деген едік. Міне сол зерттеуіміздің бір түйірін зерттедік және нәтиже төмендегідей болып отыр. Бұл жерде көңіл көншітетін дәнеңе де жоқ, керсінше мемлекет қаржысының яғни, білім бөліміне түскен қаржының жоспарлап жүйелі түрде жарату мәселесі сауатсыздық пен немқұрайлылыққа салынғандығы жөнінде жанайқайын айтқан Сайрамдықтармен қоса біздің де көңілімізге қаяу түсірді. «Күншуақ» балабақшасы мектепке дейінгі қызметті қамтамасыз ететін, яғни 280 балаға арналған балабақша, бұл балабақша 78,7 штаттық бірлікте жұмыс жасап халыққа қызмет еткен! Неге еткен деген сұрақ туындап сол сұраққа жауап іздеп ат басын Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округі әкімінің апаратының «Күншуақ» бөбекжай мемлекеттік мекемесінің басқаруы кезінде қызметкерлердің айлық жалақысы, коммуналдық қызметтердің ақысына салықтың барлық түрінен қарызсыз жұмыс атқарып келгені анықталды. Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің м.у.а. А.Өсербаевтың 17.09.2020 жылғы №400 Қаулысына сәйкес, бұл балабақша Ақсукент ауыл округі әкімдігінен Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне басқару құқығымен берілді. «Сайрам аудандық маслихаттың 2020 жылғы 3 қыркүйектегі №57-352\VI шешіміне сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша 2020 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына жалпы 24146000 теңге қаржы қарастырылып «Күншуақ» бөбекжайының есеп шотына аударылып берілді» деп Қ.Шадиева 17.03.2020 жылы өз жауабын беріп отыр. Сол сол екен «Күншуақ» бөбекжайы ұжымның ұйқысы қашты. Себебі Ақсукент ауылдық округінің әкімінің м.у.а. А.Бурбеков қаржы туралы мәліметте 27639000 теңге яғни Мемлекеттік бюджеттің, Республикалық бюджеттің қаржысын толық аудардық деп отыр. Сонда 3717000 теңге қаржы Республикалық бюджеттен бөлінген қазан, қараша, желтоқсан қаржысы қайда кетті? Осы қаржының түспеуіне ұжымның не кінәсі бар? Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің м.у.а. Тлеукеева Эльмира ханымнан мән-жайды анықтау үшін 29.03.2020 жылы барғанымызда осы бөлімнің бухгалтері деп таныстырылған Серік мырзаның 2020 жыл соңында Сайрам ауданы бойынша 938183000 теңге Бюджетке кері қайтарылғаны туралы құжатты көрсетті. «Р.Жолаев мырза қол қойып бекіткен» құжаттың заңдылығы мен қаншалықты рас екеніне көз жеткізу үшін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас үнемгершісі Амантай мырзадан мән-жайды сұрағанда «Үнемделген қаржы бар екенін, мән жайды өзі анықтайтынын және жетпей қалған қаржы бойынша ешқандай бейхабар екенін айтып баяндады».

Сайрам ауданының Экономика және Қаржы бөлім басшысы А.Айтекееваның 29.03.2021 жылғы №3-3\180 санды хатындағы жауабында «Ауданәкімдігінің 17.09.2020 жылғы №400 қаулысына сәйкес «Күншуақ» балабақшасыАқсукент ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінен аудандық білімбөліміне басқару құқығымен беріліп, Сайрам аудандық мәслихатының 03.09.2020жылғы №57-352\VI шешімімен бюджеттік бағдарлама әкімшісі Сайрам аудандық білімбөліміне «Күншуақ» балабақшасын 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларындақаржыландыруға 27639 мың теңге (Республикалық Бюджет-3717 мың теңге, АудандықБюджет-23922 мың) теңге қарастырылған. «2020-2022 жылдарға арналған облыстықбюджет туралы», Түркістан облысы әкімдігінің 12.12.2019 жылғы №285 қаулысынаөзгерістер енгізу туралы», Түркістан облысы әкімдігінің 12.11.2020 жылғы №225қаулысы негізінде «Күншуақ» балабақшасына республикалық бюджеттен берілетіннысаналы трансферттер есебінен 3493000 теңге қысқартылғаны», бұл қандайайырмашылық, кімнің қолы қисық болып тұр бұл жерде? Сонда «бірі білмедім депекіншісі естімедім деп үшіншісі көрмедім деп, алдаусыратып келген Адамиәлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қ.Шадиева ұжымның мәселесіне құлақ аспайкелгені үшін, осынша уақытқа дейін ұжым неге зардап шегуі керек? Басшыныңжауапкершілігі қайда? Неге олардың құқығы тапталуда?» Онсызда жағдайы сынкөтермей тұрған «Күншуақ» бөбекжайында әлі күнге өздерінің жұмысы жүйелі жолғатұрмағаны, ең басты проблема жылу жүйесі істен шыққан, су құбырлары жарылған.Бұл жағдай айналдырған 3-4 айда орын алып отыр. Осы ұжымның әуре сарсаңғатүскеніне кім жауапты? Сөз жоқ бірінші басшы Қ.Шадиева. Қазіргі кезде 2021жылдан бастап бала бақшаларға мемлекет қаржысы жан басына төленеді. Штатбойынша 280 балаға-78,7 бірлікпен айлық алып келген ұжым енді қысқартуғатүсуде. Қ.Шадиева басқарып отырған адами әлеуетті дамыту бөлімі Бюджеттікбағдарламаның әкімшісі ретінде бала бақшадағы топтарды өзі қысқартуы керек еді,бала бақша меңгерушісіне сілтемей. Өкінішке орай үш айдан бері бұл мәселеҚ.Шадиева тарапынан ретке келтірілмеген. Нәтижесінде «Күншуақ» ұжымымен қосаата-аналар зардап шегіп, баласын бақшаға бере алмай, ұжым жұмысқа шыға алмай,далада қалып отыр. Жоғарыдағы келеңсіздіктерден туындаған жағдай, бала санынкүрт кемітіп, қызметкерлердің қысқартылуына әкеп соқтыруда. Бұл өз кезегінде халықтыңашу ызасын тудырып, мәселе облыстық деңгейге көтеріліп тұр. Түркістан облысыныңәкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев өз бақылауына алып, бұл проблемаға жауаптытұлғаларға қатысты шараны қарап, тиісті құқық қорғау органдары арқылы қажеттінүктені қояды деген ойдамыз әзірге…

(Жалғасы бар).

Г. БАЙЗАҚОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *