Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» атты өзінің алғашқы Жолдауында азаматтардың құқықтарымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайлы айта келе: «Жыныстықзорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатыстытұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы басқа да қылмыстарға, әсіресе балаларғақатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселенішешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын», – деген болатын. Осы орайдаТүркістан облысында бірқатар тындырымды тірліктер атқарылуда.
Адамзатқа кереғар болып табылатын есірткіге қатысты қылмыстылық қоғамды ерекше алаңдататыны белгілі. Ал оларды әйел азаматтарының жасауы – тіпті ақылға сыймайтын дүние деуге болады. Әйелдер арасындағы есірткі қылмыстылығы толық жойылды деп толық сеніммен айта алмаймыз, алайда ол жөніндегі амал-әрекеттердің жүзеге асу мүмкіндігі бар. Көбінесе әйелдердің есірткі қылмысымен айналысуының басты себебі: жайсыз отбасылық жағдайы, оңай табыс көзі және есірткі тәуелділігі. Әйелдер арасындағы тіркелген есірткі қылмысы жөнінде Түркістан облысы республика бойынша 13-орында тұр.
Түркістан облысы прокуратурасы баспасөз қызметіне мәліметтеріне көз жүгіртсек, бұл жәйт төмендегіше көрініс тапқан. Осы бағыт бойынша кейінгі үш жылдың қылмыстық жағдайын алып қарасақ, төмендеу динамикасы байқалады. Яғни, 2017 жылы – 12, 2018 жылы – 10, 2019 жылы – төрт, 2020 жылдың өткен айлары бойынша – бір дерек тіркелген. Наркодиспансер есебінде тұратын әйелдердің саны да төмендеуде, яғни 2018 – 2019 жылдары – 11 әйел тіркелген болса, 2020 жылы бірде-біреуі тіркелмеген. Есірткі затын қабылдаудан соңғы рет 2012 жылы бір әйел көз жұмған болатын. Содан бері бұл өңірде мұндай жайттар орын алмаған. Ал ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде 2016 жылы бір әйел есірткі қылмысы бойынша жауапқа тартылса, одан бері мұндай дерек тіркелмеген.
Жалпы, әйелдер арасында есірткі қылмысын болдырмау мақсатында қылмыстық қудалау органдары жыл сайын жоспар түзіп, арнайы профилактикалық іс-шара жұмыстарын жүргізуде. Есірткі қылмысына қарсы бағытталған құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіруді прокуратура саласының қызметкерлері жүзеге асырып келеді.
«Әділет-ақпарат».