ЕҢ БАСТЫСЫ ЕМДІ ҮЗБЕУ

Денсаулық
567 Views

Туберкулез — өкпені жиі зақымдайтын кең тараған жұқпалы ауру. Адам туберкулезбен (басқаша — құрт ауруы, сему, фтизис) баяғы заманнан беріауырып келеді. Кохтың тірі таяқшасын (туберкулездің қоздырғышы) ғалымдар тіптіегипет мумияларының сүйектерінен анықтаған. Еуропа қалаларының кедей жерлеріндебұл ауру бірнеше ғасырлар бойы өлімнің ең жиі себепшісі болды.

Туберкулездің клиникалық түрлері бөлінеді:

  • балалар мен жасөспірімдер туберкулезі;
  • тыныс алу мүшелерінің туберкулезі;
  • басқа да мүшелер мен жүйелердің (сүйек, тері, бүйрек, көз, ми және т.б.) туберкулезі.

ДИАГНОСТИКАСЫ

Туберкулез қоздырғышы қақырықты микроскопиялық тексеру кезінде анықталады. Дәрігер-фтизиатрлар диагнозды нақтылау үшін өкпенің рентген суретін және флюорографияны қарайды. Балаларда инфицирленуді анықтау үшін Кеңес Одағынан кейінгі аймақтарда Манту сынамасы қолданылады: теріге қоздырғыштың антигені енгізіледі және тезарада дамитын реакция (ісіну және диаметрі 10 мм-ден артық қызару, жараның пайда болуы) ағзаның бактериямен белсенді түрде байланысқанын көрсетеді. Алайда оң Манту сынамасы адамның міндетті түрде туберкулезбен ауыратынын білдірмейді.

ЕМІ

Туберкулезді емдеу үшін арнайы дәрілік препараттар жасалынған. Олар микобактерияның, яғни Кох таяқшасының тіршілігін тоқтатады. Ауыр антибиотиктер қабылдау керектігіне, жанама әсер болатынына қорықпаңыз. Қазіргі заманғы жағдайда, әсіресе ауру уақытылы анықталған жағдайда туберкулез жақсы емделеді,. Ең бастысы емді үзбеу, себебі дәрі-дәрмекпен емделмеу, туберкулездің ауыр, емге қонбайтын, орнықты дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұдан басқа емдәмді ұстану, физиотерапевттік шараларды, ЕДШ, тыныс алу гимнастикасын қолданудың маңызы өте зор.

АЛДЫН АЛУЫ

Қазақстанда жаңа туған нәрестелер мен 6-7 жасқа толған балаларға туберкулез бактериясының әлсіздендірілген штаммын — БЦЖ (Кальметт — Герен бацилласы) екпесін жасайды. Бұл туберкулез ауруына қарсы иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Туберкулездің алдын алуының жалпы шараларына салауатты өмір салтын ұстану, құнарлы, дәрумендер мен пайдалы заттарға толы тамақтану, жақсы тұрмыс тіршілігі, таза ауада ұзақ серуендеу жатады. Темекі шегуден бас тарту да аса маңызды.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Ауру қоздырғышы – ауа-тамшылы жолмен және тұрмыстағы заттар арқылы адамнан адамға, жануарлардан адамға тарайтын туберкулез микробактериясы немесе Кох таяқшасы. Туберкулез бактериясы өте тұрақты, аса жоғары температураның және агрессивті заттардың әсерінен өледі.

Бұл ауруға АИВ жұқтырған, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары бар, лас, ылғалды бөлмелерде тұратын адамдар шалдығады.

К.САЛАХАЕВА,

У.ТҰРАЛЫ,

У.СЕРГАЗИНА,

ТО ҚДБ «Облыстық фтизиопульмология орталығы» ШЖК МКК

1-терапия медбикелері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *