ТҰТЫНЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ШАЙЫНДЫ СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚЫСЫ БОЙЫНША ҚАЙДА ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ?

Қоғам Құқық
468 Views

Шымкентте жылдан-жылға ауыз су және кәріз жүйесін пайдаланушылар қатары артып келеді.Қазіргі уақытта «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің автоматты базасында 240 мың тұтынушы тіркелген. Олармен өзара байланысты нығайту үшін кәсіпорындатұрғындармен жұмыс қызметі (SPRN) құрылған.

Бұл қызметтің негізгі міндеті — халықты сапалы ауыз сумен қамту, суды есептеу құралдары көрсеткіштерінің уақтылы алынуын бақылау, ол деректерді автоматты базаға жүктеп, тұтынылған су мен кәріз желісінің қызметі үшін есептеу жүргізу, кәсіпорынмен аутсорсинг негізінде жұмыс істейтін дилерлік ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеу.

«Тағы бір бағытымыз — тұтынушылармен тікелей жұмыс істеу. Мысалы, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС — де қоғамдық қабылдау жүйелі жұмыс істейді. Мұнда абоненттер коммуналды қызмет төлемақысы бойынша, сумен қамту және кәріз қызметі бойынша кәсіпорынмен келісім-шарт түзуге немесе қайта жасасуға, басқа да қажетті кеңестер алуға келеді», — дейді халықпен жұмыс істеу қызметінің басшысы Орынбек Әлімқұлов.

Күрделі мәселелер туындаған жағдайда тұтынушылар алдымен дилерлік компанияға жүгіне алады (байланыс телефондары түбіртекте көрсетілген). Ал егер учаскелерде тиісті шара қолданылмаса, онда кәсіпорынның аталған қызметіне жүгінуге болады. Мұндай жағдайда, тұтынушы өзінің жеке сұрағынан басқа, дилерлік ұйымның толыққанды жауап бермегенін де хабарлауы қажет. Халықпен жұмыс қызметі бұл мәселені міндетті түрде қарастырады.

«Біздің тұтынушыларымыз өз сауалдарына мекемеге келмей-ақ жауап ала алады. Мысалы, ауыз су және кәріз қызметі бойынша келісім-шартты кәсіпорынның ресми сайты арқылы қайта жасата алады(сілтеме: wrm.kz). Ол үшін тұтынушыда ЭЦҚ кілті мен дербес компьютер болуы керек. Виртуалды көмекші арқылы — Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа (сілтеме: wrm_bot) электронды түбіртекті енгізіп, суды есептеу құралындағы көрсеткішті жібере алады. Ол жерден өзінің онлайн жылдық балансын және су өлшегішті тексеру мерзімін де біле алады. Сондай-ақ төлемді онлайн жасауға да болады.Біздің абоненттердің 70%-ы осы чат-ботты пайдаланады», — дейді Орынбек Әлімқұлов.

Жалпы, тұтынылған су мен кәріз желісінде көрсетілген қызмет ақысын есептеуге және төлеуге байланысты мәселелер туындаса, «жедел желі»нөміріне қоңырау шалуға да болады: 32-12-75. Сонымен қатар, сіз өз өтінішіңізді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің ресми сайтына немесе кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына және whatsapp: +77057581111нөміріне жібере аласыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *