ЕҰУ БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ 12 СПОРТ ЖУРНАЛИСІН ДАЙЫНДАДЫ

Білім Қоғам
164 Views

Қазақстандағы спорт журналистикасы жаңа кәсіби кадрлармен толықты. Биыл ЕҰУ тарихында алғаш рет 12 спорт журналисі оқуын аяқтады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Биыл ЖжСФ-ті бакалавриат және магистратура бойынша барлығы 187 студент бітіріп шықты.

Салтанатты шарада ЕҰУ-дың ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік пен табыс тіледі.
Cондай-ақ түлектерді журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ құттықтады.
«Биыл факультетімізді «Журналистика», «Цифрлық медиа менеджменті», «Спорт журналистикасы», «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратура бойынша 187 студент бітіріп шықты. Біздің түлектер теле және радиожүргізуші, іскерлік журналистика, медиа менеджер, продюсер, жарнама агенті, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, компаниялар мен корпорацияларда баспасөз қызметінің қызметкерлері болып жұмыс істей алады. Сондай-ақ, биыл ЕҰУ тарихында алғаш рет «Спорт журналистикасы» білім беру бағдарламасы бойынша 12 спорт журналисін дайындадық»,деді Қайрат Сақ.
Айта кетейік, бүгінде университет түлектері министрлер, вице-министрлер, Парламент депутаттары, ірі ұлттық және мемлекеттік компаниялар мен холдингтердің менеджерлері, Олимпиада және Азия ойындарының чемпиондары, танымал шығармашылық тұлғалар болып табылады.
«ЕҰУ менің өмірімде және жеке басымды қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Бұл кезең мен үшін білім қуған оқу жылдарына толы болды, студенттік шағымды осы ұлттық университет қабырғасында өткізгеніме өте қуаныштымын. Журналистика және саясаттану факультетінің бүгінгі салтанатты шарасы біздің жадымызда ұзақ сақталады. Бұл күн біз үшін ерекше мәнді және маңызды. Ұйымдастырушылар мен университет басшылығына орасан зор еңбегі, берген білімі мен бізге деген зор сенімі үшін үлкен алғыс айтамыз. ЕҰУ, саған рахмет!»,- деп өз әсерімен бөлісті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі Айнұр Ысқақ.

ЕҰУ-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *