ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ «MAMMA MIA» МЮЗИКЛІН САХНАЛАДЫ

Білім мәдениет
357 Views

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің талантты жастары қазақ тілінде алғаш рет «MAMMA MIA» мюзиклін көпшілік назарына ұсынды. Сахналанған туынды танымал «ABBA» тобының әндеріне негізделген. Музыкалық шығармалардың мәтіндерін студенттер өздері қазақ тіліне аударды және сахна төрінде шырқады.

Мюзиклді ЕҰУ «Оner ortalygy» студенттік шығармашылық ұжымдары әзірледі. Сахналанған «MAMMA MIA» туындысы танымал «ABBA» тобының әндеріне негізделген. Оларды орындаған «E-STUDIO» орталығының 11 вокалисі мен «SAMURYQ» би тобының 25 өнерпазы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Музыкалық қойылым көрермен көзайымына айналып, жастар қошемет пен ыстық ықыласқа бөленді.

«Сіздердің назарларыңызға ұсынылғанкеремет мюзикл — біздің университеттегі «Оner ortalygy» шығармашылық ұжымының еңбегі. ЕҰУ қашанда шығармашыл, белсенді жастарды қолдайды. Бізде «ОNER ORTALYGY», «Шаңырақ» театр, «E-STUDIO» орталығымен «SAMURYQ» би тобы сондай-ақ түрлі ұйымдар мен жастар орталықтары жұмыс жасайды. Еуразия ұлттық университетінің студенттерінде жан-жақты дамуға, университет өміріне белсенді қатысуға және өздерінің шығармашылық ойларын дамытуға мүмкіндігі бар» — деді әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Лязат Нұрқатова.

ЕҰУ-нің ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *