АЛАШТЫҢ АЙБАТТЫ ҚАЙРАТКЕРІ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ

Тұлға
267 Views

есімі ардақталып, Астанада тамаша рухани-әдеби кеш өтті

Жақында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде «Республика күні — ақындар үні» атты әдеби-рухани кеш өткізілді. Сонымен қатар алаштың айбатты арысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы ағартушы ұстаз Сұлтанбек Қожановты еске алу шарасы болып өтті.

Кеш қонақтары ретінде белгілі алаштанушы, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, алаштанушы, белгілі Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбайдың немересі Жамбыл Камелов, алаштанушы, тарихшы Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова, журналистика және саясаттану факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Аталмыш шараның басты мақсаттарының бірі — білім алушыларды алаш қайраткерлерінің ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу, олардың әдебиетке, жазу өнеріне құштарлығын ояту және Сұлтанбек Қожанов өмірі мен еңбектерінен сыр шерту болған.

Жылда республика күнін атап өту дағдыға айналуда және сол дағдының жалғасы осы шара. Кеш тізгіні профессор Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлында болды. Алаштың ақтаңгер ақыны, сегіз қырлы бір сырлы тұлға Сұлтанбек Қожанов туралы біраз мағлұматтарды айта кетіп, сөз кезегін журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Саққа берді. Өз сөзінде белгілі алаштанушы: «Еліміздегі ең үлкен мереке республика күні, азаттықтың таңы атқан күні. Совет одағы бар кезде Қазақстан республикасы әлемге егемендігі туралыжариялады ол күн 25 қазан болатын. Декларацияға қол қойып біз азат елміз,өзімізді өзіміз басқарамыз деп паш еткен елміз» — деп еліміздің тарихындағы өскелең ұрпаққа үлгі болар сәттерімен бөлісті.

Келесі сөз кезегі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазыға берілді. Ақын аталмыш шараға мұрындық болған мерекемен құттықтап, «Топжарған» ақындар клубы ұйымдастыруымен өткен ақындарын сайысының нәтижесіне тоқталды. Жеңімпаздарды марапаттау мәртебесі кеш қонақтарына берілді. Нәтиже бойынша 3 орынды Батыр Гүлбақыт Дүйсенқызы, 2 орынды Ерасыл Нұрлыбекұлы және 1 орынды Сұлтан Ажар иеленді. Топжарғанның қанаты кең, тіпті аталмыш мүшәйраға сонау Ерейментаудан ат терлетіп жас ақын, топжарған мүшесі де келді.

Кеш ары қарай жеңімпаздардың арнаулары мен студенттердің дайындаған өнерлерімен жалғасын тапты. Бас қонақ, алаштың, қазақ журналистикасының басында тұрған қайраткер Хайредтин Болғанбайдың жиен немересі Жамбыл Камеловке берілді. Қазақ ұлтының жанашыры, көсемсөз шебері ақтарыла Сұлтанбек Қожанов һәм алаш зиялыларының бастарынан өткен небір қиындықтар менқорлықтар жайлы баяндап берді. Осының барлығын олар ұлт үшін мына сіздер болашақ ұрпақ үшін жасағанын тілге тие кетіп, студенттерге өз тілдеріңізге деген құрметтерінің үлкен болсын деп үндеу айта өтті.

Алаштанушы қаламгер, қайраткер Күлпаш Ильясова да ақпараттар қатарын толықтырып, атқаратын жұмысының қыр-сырларын мәлімдеді. Елімізде саясиқуғын сүргін құрбандарын ақтап алу жайлы үлкен комиссия жұмыс жасап жатыр. Күлпаш Ильясова сол комиссия мүшесі. Осы құрбандар қатарына мүлдем біз күтпеген, жәй ғана малын аман сақтап қалғысы келген қарапайым халықтың дакіргенін естіп, бұл жолда жұмыстар атқарылып жатқаны қуантты.

Кеш соңында Жамбыл Камелов республикалық «Алпамыс батыр» қоғамдық қорының президенті Б.Оңғарбаевтың тапсыруымен «Сұлтанбек Қожанов»медалімен осынау алаш қайраткерін насихаттауға үлес қосқан Дихан Қамзабекұлы, Жолтай Әлмешұлы-Жұмат, Қайрат Сақ, Мұратбек Тоқтағазин, Күлпаш Ильясованы марапаттады. Сондай-ақ оларға Хайретдин Болғанбаев қорынан мадақтама қағаздары қосатапсырылды.

Аяжан ЕРБОЛ,

Халықаралық Журналистер одағының мүшесі

Астана

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *