ЖАЙСЫЗ ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Қоғам Құқық
745 Views

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының Ювеналдық полиция қызметкерлері өз балаларын тәрбиелеумен тиістітүрде айналыспайтын, оларға дұрыс тәрбие беру үшін жағдай жасамайтыната-аналарды анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

«Күн сайын біз полицияға түскен барлық қоңыраулар мен хабарламаларды талқылап, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға ерекше назар аударамыз. Оның ішінде жайсыз отбасыларды анықтап, солармен жұмыс жасаймыз», – Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторлары полиция майоры Айнұр Қарабаева мен полиция майоры Анар Махсудова күнделікті жайсыз отбасылардың үйлеріне барып, жағдайларын біліп, тұрмыс-тіршілігімен танысуда.

Айта кету керек, Абай аудандық ювеналдық полиция инспекторлары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеумен тиісті деңгейде айналыспайтын заңды өкілдерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Сондай-ақ, жайсыз отбасыларды есепке алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *