БІР ТӘУЛІКТЕ 100-ДЕН АСА АВТОБУС ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ

Құқық
429 Views

Шымкент қалалық Патрульдік полиция қызметкерлері өткен сенбіде қала аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 138 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Яғни, қауіпсіздік белдігін тақпаған 44 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен хаттама толтырылған, ал 11 азаматқа көлік айдау кезінде телефон пайдаланғаны үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ, 13 адам жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша жауапқа тартылған. Өрескел бұзушылықтары үшін айыппұл тұрағына екі қоғамдық көлік орналастырылған.

Мәселен, рейдтік жұмыстар барысында полицейлер оңға бұрылар алдында бұрылу жарық көрсеткішімен тиісті сигнал бермеген автобусты байқады, яғни қозғалыстың басқа қатысушыларын өзінің маневр жасауға кірісу ниеті туралы хабардар етпеді, осылайша ЖҚЕ талабын бұзған. Осы бұзушылық үшін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оған сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар қаланың автомобиль жолдарында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға ықпал етеді.

“АҚШАҢДЫ ЕСЕЛЕП БЕРЕМІН” ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Ер адам өз алаяқтықтарын жүзеге асыру үшін мессенджерлердің бірінде топ құрып, әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы азаматтарды қосып отырған. Қаскүнем жәбірленушілерге букмекерлік кеңселердегі мөлшерлемелер арқылы түрлі ұтыс чектерінің фотосуреттерін көрсете отырып, олардың сеніміне кіріп, өзіне аударатын ақшаның кез келген сомасын екі еселеуге уәде берген.

Абай ауданының Полиция басқармасына бір адамға қатысты интернет-алаяқтық бойынша арызбен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының алты тұрғыны жүгінді. Алаяқ олардан 2 миллионға жуық теңге алып кеткен.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі «екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар адамды анықтау мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленушілерден жауап алып, олардың ақша аударымдарын тексерді. Нәтижесінде ер адам анықталып, жедел уәкілдер оны тұрғылықты жері бойынша ұстады. Қазіргі таңда ол қамауда.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Өз кезегінде Шымкенттік полицейлер тұрғындарға алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға сенбей, ешкімге ешқандай сылтаумен өзінің жеке деректерін бермеу керектігін ескертеді.

САҚТАНДЫРУ ҚҰЖАТЫНСЫЗ ЖҮРГЕН 292 КӨЛІК АНЫҚТАЛДЫ

Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін әзірленген “Қорғау” бағдарламасының көмегімен шымкенттік полицейлер оны қолданысқа енгізген сәттен бастап қала жолдарында 3991 құқық бұзушылық жасаған 902 автокөлікті анықтады.

Сонымен қатар ҚР тіркеуде тұрған алайда, сақтандыру құжатынсыз жүрген 292 көлік тіркелді.

Осы уақыт аралығында заң талаптарын бұзған 381 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Бұдан өзге 222 шетелдік нөмірлі автокөлік иелері сақтандыру құжатынсыз жүргені белгілі болды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Аталған құқық бұзушылықтардан басқа, бағдарлама полицейлерді жалған нөмірлері бар, техникалық байқаудан өтпеген, 10 минут ішінде екі рет ЖҚЕ бұзған көлік құралдары туралы хабардар етеді, сондай-ақ іздеуде жүрген автомобильдерді анықтайды. «Қорғау» қосымшасы ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕ ШЫҒАРЫП БЕРЕМІН ДЕП АЛДАҒАН

Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз несие алмақшы болған тұрғындар алаяқтың арбауына түсіп, полицияға арызданған.

Қала аумағындағы базарлардың бірінде адамдарға өзін мемлекеттік кәсіпкерлік мекемеде жұмыс істеймін деп таныстырып, бизнес бастау үшін ақша шығарып бере алатынына сендірген. Алайда, ол қызметі үшін 300-500 мың теңге аралығында ақы алып отырған.

Тәртіп сақшылары бір адамға қатысты ұқсас мазмұндағы 12 азаматтың арызын тіркеуге алған. Аталған жайт бойынша «алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Жәбірленушілерден жауап алынып, олардың ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде азаматшаның жеке басы анықталып, жедел уәкілдер оны тұрғылықты жері бойынша ұстады. Қазіргі таңда ол қамауда.

Белгілі болғандай, азаматшаның аталған жұмыс орнына еш қатысы жоқ, тек алаяқтықты кәсіп ету арқылы ақша алып, өз пайдасына жұмсап отырған. Полиция жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін сақтық шараларын ұстанып, күмәнді қызмет ұсынған азаматтарға сенбеуге және мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмауды сұрайды. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға кеңес береді. Қандай да бір алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” арнасына хабар беріңіздер.

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕМІР ПАНДУСТЫ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Жергілікті кәсіпкер салонының алдында тұрған баспалдақта орналасқан мүгедектерге арналған темір пандусты белгісіз тұлғалар жасырын жолмен ұрлап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркелген. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында салонға жақын маңдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар азаматтың жеке басы анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды. Анықталғандай, азамат ұрланған пандусты сатып үлгерген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жәбірленушіге мүгедектерге арналған темір пандус қайтарылды.

«Салонымдағы мүгедектерге арналған темір пандусты белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенде бірден полицияға арыздандым. Олар жедел ден қойып, немқұрайлы қарамай, ұрлыққа барған азаматты тез арада анықтап, маған затымды қайтарып берді. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін», — дейді қала тұрғыны Ирина Алиева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *