ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Жастар Туған жер
1 286 Views

«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтарданбасталған ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгітәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақхалқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсаноқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығыбізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылына қадам басып отыр. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күн – 1991 жылдың 16-желтоқсаны. Осы күні дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді.

Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік қауіпсіздігі мен дамуы жас ұрпақтың білімі мен зияткерлік мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның ұландары еліміздің басты байлығы, оның бүгіні мен ертеңі. Олар өздеріне не керек екенін және қайда бағыт алу керектігін білетін ұрпақ.

Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Отанға деген адалдық пен үлкен махаббатқа толы ұлтжанды, мәдениетті, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу керек. Аталмыш көп қырлы мәселені шешу ауданымыздағы Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжінің әрбір студентіне міндеттелген. Жастар үшін барлық жағдайлар жасалған.Бүгінде колледждегі 372 студентке арналған үйірмелер мен студенттік клубтар бар. Ол патриоттық, кәсіби және ғылыми бағыттағы, көркем өнерпаздар үйірмелері, спорттық секциялар, көшбасшы мектептер, әлеуметтік және ағартушылық қызмет атқаратын клубтар. Біз өзінің рухани адамгершілік құндылықтарын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, діні мен ділін сыйлайтын, өзін мақтанышпен қазақпын, қазақстандықпын деп айтатын лайықты ұрпақ тәрбиелеу керекпіз. Осыны мақсат етіп келеміз.

Қазақ халқының бір ерекшелігі – ұлттық тәрбиеге үлкен мән беруінде. Ежелгі ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы өз ұрпағын күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы сырнай үнімен, ғашықтық жырымен, асқақтата салған әнімен, мақал-мәтел, шешендік сөз, жаңылтпаш, айтыс-өлеңдерімен тәрбиелеп келгені шындық. Өйткені, бүкіл саят-санасы, әдет-ғұрпын ертегі, аңыздар, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, барлығы да айналып келіп тәрбиеге келіп тірелген.

Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің сапында қосылып келеді.Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның шешуші елі. Осының бәрі Елбасымыздың тікелей бастамасы екені анық.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егеменеліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

Венера ЕРНАЗАРОВА,

Д.Құрманбекова тындағы

№20 колледжінің оқу өндіріс шебері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *