«ЖАҚСЫ ӨЗ БАСЫНАН КӨРЕДІ, ЖАМАН ЖОЛДАСЫНАН КӨРЕДІ»

Қоғам
1 003 Views

Бүгін Шымкент қаласында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының ғимаратында сенімгерлікбасқаруға алған колледждердің басшылары, нақты айтқанда №16 колледж («Хамит»),Түркістан жоғары аграрлық колледжі («DALA-FRUIT.KZ» ЖШС), Түркістаниндустриялық-құрылыс колледжі («DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС) өткізген бұлбрифингте көп мәселенің беті ашылды. Мәселеге нақты көшуден бұрын, Түркістаниндустриялық-құрылыс колледжі мен Түркістан жоғары аграрлық колледжі Түркістаноблысындағы көшбасшы білім ордаларының басында болған. Сол кездегі басшыларколледждің жан-жақты деңгейін көтеріп, «Жас маман» қаржыландыру бағдарламасынжеңіп алғаны рас және оны республика мойындаған. Ал енді сенімгерлікке Болатбек Әлиев мырза өзінің «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС, «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-нің қожасыретінде конкурсқа жалғыз өзі қатысып, сенімгерлік арқылы ие болып отырғанына жылғажуықтап отыр. Нақты айтқанда, 2020 жылдың 23 қаңтары. Осы уақыттан бері бұл екіколледждің тынышы бұзылып, берекесі қашып, дау-дамайдан басы арылмай келеді.Бүгінде бірнеше наразылық сот процестері жүріп жатыр. Елбасының бағдарламасынасәйкес сенімгерлікке алған колледждерді сол компания, яғни бұл жерде БолатбекӘлиев мырза толығымен өзінің қаражатымен колледжді дамытып және өзі жасмамандарды даярлап, жұмыспен қамтуға міндетті еді. Асылы сенімгерлікке құрдымғакеткен колледждер берілуі тиіс болатын. Бұл жерде Болатбек Әлиевтің көшбасшыколледждерді сенімгерлікке алып отырғаны балықтың басынан шірігенін байқатады.Мұны бір деңіз.

Ал енді аларын алып, дамытудың орнына колледж мұғалімдерін сотқа тартып, қудалауды дәстүрге айналдырып алды. Бүкіл ғұмырын сол колледжге арнаған педагогтардың құтын қашырып, тергеуге сүйреп, бассыздыққа жол беріп отыр. Сөйте тұра ҚР Білім және Ғылым министрінен «Жас маман» қаржыландыру бағдарламасынан шығарып тастады деп, байбалам салуына жол болсын. Өйткені, министрліктің сенімгерлік басқаруға берілген колледждерге «Жас маман» бағдарламасынан шығарылып тасталсын деген арнайы бұйрығы бар. Білім және ғылым вице-министрі Ш.Каринова қол қойған хатта Қазақ­стан Республикасы Президенті Әкім­шілігі басшысының 2019 жылғы 14 қыркүйектегі № ЗТ-С-6276,1 тап­сыр­­масына сәйкес «Жас маман» жобасына қатысатын колледждердің кәсіпорындарға сенімгерлік басқаруға берілмейтіні тайға таңба басқандай етіп жазылған. Министр бұл бұйрықты үйінде отырып шығарған жоқ, Үкіметпен ақылдасты, ал Үкімет Сенат және Президентпен ақылдасты. Әлиев сонда министрді сотқа берем дегені Президент пен Үкіметті берем дегенімен пара-пар емес пе?! Бүгінгі брифингте 100 пайыз Әлиевтің сенімгерлікке алған колледждері заңсыз берілгені туралы негатив пікірлер әлеуметтік желілерде жазылды. Бұл қоғамның пікірі. Назарсыз қалдыруға мүлдем болмайды. Мұны екі деңіз.

Ал енді ең сорақысы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту (бұрынғы білім басқармасы) басқармасының жан басына шаққан грантын (орыс. подушевой грант) осы колледждер ең көп алып отырған жағдайы бар. Осыны игеріп, маман даярлап, білім сапасын өсірсе соның өзі Әлиевтің басын көкке жеткізетіні анық еді. Бұған Әлиевтің миы жетпей отыр ма, әлде алған сайын ала берсем дей ме?! Бұл басы ашық сұрақ. Әлиевке облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы кеңпейілділік танытып, жағдай жасағандағы көрсеткен жақсылығы осы болды ма? Мұны үш деңіз.

Өткенге көз жүгіртсек сенімгерлікке дейін бұл екі колледж 400 миллионсыз-ақ жақсы маман даярлап, барға қанағат етіп, өздері қосымша ақша тауып өздерін көшбасшы колледждер қатарына жеткізе білген. Қаймақтай ұйыған ұжым болған. Таяуда өткен ҚР Президент жанындағы Ұлттық Кеңестің кезекті отырысында республикаға танымал қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек қарындасымыз бұл туралы тікелей Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына жеткізді, Президент тыңдады. Демек, бұған да нүкте қоятын уақыт таяп қалды. Өйткені, Президент естуші мемлекет құрып отыр. Осыны ұмытпа! Қорыта айтқанда қазақта аталы сөз бар: «Жақсы өз басынан көреді, Жаман жолдасынан көреді», – деген. Әлиевтің облыстық полицияда абыроймен қызмет атқарған Қайрат Айтбаев ағамызды алдына салып, қисынсыз әрекеттерге баруын (бұл жерде «Құда, құда болсаң шыда» дегендей амалсыз барғаны ғой. Жеке ойым) оңтүстік жұрты, облыс әкімі, министр қалай қабылдады екен? Әлиев мырза 2 колледжге 200 және 400 млн. теңге құямын деп басқаруды қолына алған соң, өз басынан көрмей, министрді сотқа беремін дегенін-ай! Бүгінде Әлиевте қаржы жоқ десеңіз Қазақстанның ешбір азаматы сенбейді. Ал енді жеке тұлға ретінде Әлиев мырза кезіндегі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 7 млрд. теңгені қайда жұмсағаны заңды ма әлде заңсыз ба? Зерттелетін мәселе еді. Зерттелуде екен. Мұнымен қоймай СПК-дан өрік (слива) егемін деп 2 млрд. теңге сұрап жүргенін айтады ұзынқұлақтар. Мен түсінбей отырмын. Сонша қаражатқа өрік егу тиімді ма? Бәрін айт та бірін айт осы жерден тоқтап, Елден кешірім сұрап, сенімгерліктегі колледждерді дау-дамайсыз кері қайтара салу мәрттің ісі, Болатбек аға!

З. ДҮЙСЕМБЕКОВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *