ЖЕКЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЫ – ЖАҢА ҰРПАҚТЫҢ ТРЕНДІ!

Уақыт Қоғам
421 Views

Бірыңғай жинақтаушызейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуаясында 24 қыркүйек күні «Ашық есік күні» шарасын онлайн форматта өткізеді. Қатысуға ниет еткен әр адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Негізгі мақсат – жинақтау мәдениеті және өзінің болашағына деген қамқорлық.

Іс-шараның қонақтары колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болуы тиіс.

Жастар тобын таңдау кездейсоқтық емес, өйткені, биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнді. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайды, алайда болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда қомақты зейнетақы алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатысады. Бұл шамамен 40 жыл. Олардың көпшілігі ресми жалақы мен жұмыс берушімен жасалған еңбек шартына қоса тұрақты жарналардың олардың болашақта табысқа жетуінің кепілі екендігін түсінеді.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты өзге де мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн платформада 3 сессиядан өтеді:

1 сессиясы сағат 10-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 09-30)

2 сессиясы сағат 12-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 11-30)

3 сессиясы сағат 15-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 14-30)

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

1 сессия — https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ed3384d6bf506f517df700f6338414ce2 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2513 186 2631 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

2 сессия — https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e274cfb3acb23690b5b90342c2552eb61

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2514 064 0007 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

3 сессия — https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e579fe0a9be267bb96a1b628f025d1826

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2516 259 0943 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

Біз сіздерді күтеміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *