ЖАҢА ШАҺАРДАҒЫ «АЛТЫН КӨПІР» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН КҮН ЖАҚЫН

Қоғам
1 027 Views

Шырайлышаһардағы Темірлан тас жолы мен Мангелді көшелерінің қиылысындағы жерүсті өткелі Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай пайдалануға берілуі күтілуде. Бұлсағызша созылған құрылысты жүргізуге тартылған төртінші мердігердіңмәлімдемесі.

Жаңа шаһардағы жерүсті өткелінің құрылысы қашан басталғанын қазір тұрғындардың өзі дөп басып айта алмайды. Бастапқыда 2017 жылдың сәуірінде пайдалануға тапсырылуы тиіс болатын. Кейін ол мерзім сол жылдың қарашасына дейін ұзартылды. Бұдан кейін қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы тұрғындарды «Құрылыс биылғы тамызда бітеді», – деп сендірді. Өткел енді Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесіне орай пайдалануға тапсырылатын көрінеді.

Ринат Исмаилов, учаске бастығы: «Жерүсті өткелін 15 желтоқсанда аяқтаймыз деп отырмыз. Қазір сырлау, плиталарды төсеу жұмыстары жүргізілуде».

Ағымдағы жылдың ортасында құрылысты бастаған мердігер компания жобалық-сметалық құжатта қарастырылған жұмыстарды аяқтауға жақынбыз дейді. Бұл «сақалды құрылысты» құрылысты жүргізуге тартылған үшінші ме, төртінші ме мердігер. Жерүсті өткелінің құны бастапқыда 189 миллион теңгені құраса, 2017 жылы жазда құжатқа өзгерістер енгізіліп, нысанның құны 217 миллион теңгеге көтерілген еді. Қосымша қаражат поликорбанаттан шатыр, лифт және тірек бөлігін кеңейтуге қарастырылған.

«Шатыр болмайды. Жылы еден болады. Плиталардың астына кабель жібердік. Қыс мезгілінде қосылады. Эскалатор болады ма, жоқ па, бұл жағы әлі шешілмеді. Жобалық-сметалық құжаттағы лифтті орналастыру жұмыстарымен айналысудамыз», – дейді учаске бастығы.

Шымкенттіктер бұл жерүсті өткеліне «алтын көпір» деп атау берілген. Құрылыстың аяқталуын әсіресе бала мен қариялар асыға күтіп жүр.

Александр Ткаченко, зейнеткер: «Аптасына бір-екі рет Жаңа шаһарға келіп тұрамыз. Осы қиылыстағы жолдан өту біз үшін қауіпті. Бағдаршамды елемейтін көлік жүргізушілері де кездеседі. Тезірек мына көпір қолданысқа берілсе, бізге жақсы болар еді. Жасымыз келген соң қозғалыс керек, бір жағынан қорықпай өтеміз», – дейді.

«Осы аптада жерүсті өткелінде электр шамдары қойылады. Осы айдың ортасына дейін лифт іске қосылып, көріктендіру жұмыстары аяқталады», — дейді мердігер компания өкілдері.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *