ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ТІРКЕУ – МАҢЫЗДЫ ІС

Заң Қоғам
918 Views

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) айқындайды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №27 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелері (бұдан әрі — Ережелер) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының,) 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібін айқындайды.

Заңның 3-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.

Тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады.

Тіркеуші орган Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау кезінде Заңның 21 бабында көрсетілген талаптарға сәйкес жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар тізбесін түгендейді.

Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды қабылдаудан Заңның 25 бабында көрсетілген негіздер бойынша, яғни тиісті емес адам өтініш жасаса не өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың болмаса, құжаттарда тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер болса, дұрыс толтырылмаса, өтініш беруші қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбаса, тіркеуден бас тартылады.

Заңда немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы сот актісінде өзгеше белгіленбесе, Заңның 27 бабында көрсетілген тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге тіркеу тоқтатыла тұрады.

Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді. Хабарламада тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жою үшін өтініш берушінің кейінгі іс-әрекеттері және осы үшін қажетті мерзімдер көрсетіледі.

Ереженің 7 тармағына сәйкес, егер тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы алдын ала шешім жөнінде хабардар етеді.

Тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тыңдау туралы хабарламаны мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Ал қызмет беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Өз кезегінде, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім болып табылады.

Үрмия ҚҰЛЫМБЕТ,

Түркістан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, «Қазақстан Заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің ТОфилиалының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *