ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕР САЛЫҚТАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

Заң Құқық
960 Views

Салық кодексімен 2017 жылға есептелген мүлік және жер салықтарын жеке тұлғалармен 2018 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі белгелінген. Бұл ретте, көрсетілген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада берешік пайда болады және ол сомаға күнде өсімпұл есептеліп, берешігін қосқанда салық төлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды. Сонымен қатар Салық кодексімен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге, яғни заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға да банктік шотты ашудан бас тартуға міндетін қарастыратын ережесі заңды күшіне енгізілген (Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасы).

Аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарға таратылмайды. Егер ондай тұлғада салықтық берешегі бола тұра осы мақсатта жеке тұлғамен банктік шот ашылатын болса, банктің оны ашудан бас тартуға құқығы жоқ. Салық кодексінің ережелерімен салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаларға басқа банктік қызметтерді көрсетуден бас тарту қарастырылмаған.

Салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесінің болуы туралы хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында іске асырылған салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екені туралы көкейкесті мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер» электронды сервисі іске асырылған.

С.ӨМІРЗАҚОВА,

Түркістан облысы бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *