ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІ МИЛЛИОН САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕМЕГЕН

Заң
807 Views

Сарыағаш аудандық прокуратурасының ұсынуы бойынша Сарыағаш ауданының 23 валюта айырбастау пункттері мемлекеттік кірістер органдарында есепке қойылып, 2 миллион теңге сомасына салықтарды төледі.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық жә-не бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі қолданысқа еніп, онымен уәкілетті ұйымның айырбастау пункті — тіркелген салық салудың жаңа нысаны болып енген.

Осыған сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын субъектілер үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті бастағаны туралы салық органын хабардар етуге міндетті. Бірақ, прокуратураның талдауы 23 айырбастау пункттері бар төрт уәкілетті ұйымның аталған қызметті кодекс талаптарын бұза отырып жүзеге асырғанын көрсетті. Аудан прокуратурасының мемлекеттік кірістер органына енгізген ұсынуымен заң бұзушылықтар жойылды.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *