Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жергілікті бюджетке түсімдер мөлшерін және түсімдер көзін көбейту мақсатында мүліктерін сату кезінде жеке тұлғалардың табыстарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңға мемлекеттік кірістер органдарымен жергілікті бюджетке 4 772,2 мың теңге түсімдерге қол жеткізіп отыр.
Белгілі жағдай меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт көлемінде жеке тұлға тұрғын үйін, пәтерін немесе жер телімін сатылған жағдайда, 10 пайыз мөлшерінде бюджетке салық төлеу міндеттемесі пайда болады.
Жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс төмендегі мүліктерді өткізген кезде туындайды:
- меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық нысандары;
- меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер телімдері және (немесе) жер үлестері;
- меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер телімдері және (немесе) жер үлестері;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы нысаналы мақсаты бар жер телімдері және (немесе) жер үлестері;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық алтын;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік;
- бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер;
- эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.
Жоғарыда көрсетілген мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы – ол құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.
Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады.
Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.
Жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін табысы пайда болған жағдайда азаматтар ерікті түрге орналасқан жері бойынша кірістер органдарына жүгініп, пайда болған салық міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға шақырамыз.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасы.