664 Views
Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тауып,ата-анасына тапсырды. Қаратау ауданының Полиция басқармасына “102” арқылыжергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында баласының үй маңында ойнап жүріп,жоғалып кеткендігін көрсеткен. Қаратау аудандық Полиция басқармасы жергіліктіполиция қызметі бөлімі №59 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіруіс-шарасын жүргізу барысында жоғалған баланы бір сағат ішінде тауып берді.Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға балаларына бас-көз болуға шақырады.Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз.