ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАН ТҰРҒЫН ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Қоғам
320 Views

Жылыжай кешендерінің көлемі Түркістаноблысында жылдан-жылға артып келеді. Бір артықшылығы, халықты жыл он екі айбалғын көкөніспен қамтудың қамымен жүрген шаруалардың сәйкесінше кәсібі де жылбойына тоқтаусыз жүреді. Өңірде ірілі-ұсақтыжылыжайлар баршылық. Соның арқасында жергілікті тұрғындар көкөніс, бау-бақшаөнімдерімен толық қамтылып келеді. Мақтарал ауданында жылыжай салып, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі — Еркінжан Жаппаров.

Топырағысортаң, ылғалы аз шөлейтті өңір үшін көкөніс өсірудің ең тиімді жолы – жылыжайшаруашылығын дамыту. Осыны байыптаған жергілікті тұрғын кәсіптің осы түріне денқойды. Әуелде жылыжай шаруашылығымен айналысқан көрші-қолаңдарға жалданып жұмысістеген ол қазір өзінің үй іргелік жерінен жылыжай тұрғызып, түрлі өнімдердісауда шығар отыр. Жұмыссыздықты жою мақсатында қолға алынған «Бизнес бастау» жобасынақатысып, әуелі курстан өтіп, жылыжай шаруашылығына бағытталған бизнес жобасынқорғап шығыпты. Гранттың қаражатын тиынына дейін тиімді жұмсаған диқан жылыжайқондырғыларын орнатып, шаруаға қажетті он сайманын сайлап алған. Жылына үшқайтара өнім алады. 3 жарым гектар егістікке алдымен көшеттер отырғызылады.Көшеттің түр-түрін отырғызады. Болгар бұрышының, баклажаннығ, қызанақ пен қиырдың сұранысқа ие ұрықтары жергілікті диқандардан да артылмады екен. Орташаесеппен 600 мыңдай көшеттің әрбірін 15-20 теңгеге шаруаларға сатып, табысқакенеледі. Кейін жылыжайға қызанақ, қияр егіледі. Биыл тонналап өнім жинап,өткізді. Диқан биыл өтімді саналатын корей қырықжапырағын егіпті. Қазірдіңөзінде жайқалып өсіп тұр. Әу баста шаруашылығының қыр-сырын меңгере қоймағаншаруа қиналғанын жасырмайды. Қазіргі уақытта еңбегі жанып, жұмыс біртіндептабыс әкелуде. Себебі, табиғи, сапалы көкөніс өнімдеріне сұраныс қашандажоғары.

Жылыжай шаруашылығы оңай кәсіп емес. Әр өнім мұқият күтімді талап етеді. Кәсіпкердіңбасты мақсаты тамшылатып суару құрылғысын пайдалану арқылы жылыжайда көкөністерөсіру, баламалы энергия көздерін қолдану арқылы табиғи және технологиялықресурстарды тиімді пайдалану болып отыр.

«Жылыжайдың ішіжыл он екі ай жылы болуы тиіс. Қазір осы мақсатта жұмыс істеп жатырмын.Өйткені, әр көкөністің күйі бөлек. Мәселен, қияр ылғалды сүйеді. Оның қасынақұрғақ ауада өсетін көкөністі отырғыза алмайсың. Қиярдың бірнеше түрін өсіріпкөрдім. Барлығының шығымы жақсы. Қызанақты да өсіремін. Алда жоспарым көп. Жылыжайды кеңейту ойда бар. Жүйесін тапсаң, жұмыс көп қой», – дейді еңбекқоржан.
Қазір шаруашылықты жүргізуге әйелі көмек қолын созуда. Маусым қызған шақтаоншақты жергілікті тұрғынды жұмысқа шақырып, күніне 5-6 ың теңге оларғатөлейді.

Жылыжай иесініңайтуынша, қазір ауданда жалға берілетін жерлердің ақысы қымбаттаған. Алдағыуақытта кәсібін кеңейткісі келетін ол жалға берілетін бос жартқан жерлердіқарастырып жүр. Қауын, қарбыз өзге де бақша өнімдерін еккісі келеді. Нәпақасын жерден іздеген кейіпкеріміз осылайша мемлекет қолдауының арқасында кәсіпкерлікті бастап жіберген. Айтуынша, биыл грантқа үміткерлер ауданда көпболған. Комиссияға түрлі жобалар келіп түсіпті. Алайда, мемлекет қаражатынүлестіруде ауданың ерекшелігі ескерілген. Ауданда игерілмей бос жатқан жерлербаршылық. Бір жағынан осы проблеманы оңтайлы шешіліп, екінші жағынан жұмыссызтұрғындарды бизнеске баулу мақсатын көздеген жергілікті билік өкілдері жылыжайөндірісіне қатысты жобаларға қолдау көрсетіпті. Кейіпкеріміздің жобасы көпөтінімдердің ішінен мақұлданып, грант қаражаты кәсіп бастауға демеу болған.Ауылдың қарапайым ғана тұрғыны қазір жергілікті халықты арзан ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтып қоймай, шаруаларға көшеттерді қолжетімді бағада өткізіпотыр. Осылайша, жаңа агрожоба ауылдың әлеуетін көтеруге де үлесін қосуда.

Грант қаражатының арқасында жылыжай шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкер бүгінде қолынан іс келетін азаматқа қолдау зор дейді. Сондықтан да Үкіметке қол жайып отыратын уақыт өтті. Нарықтың бүгінгі сұранысын дөп тауып, әр азамат қолынан келетін істі кәсіпке айналдырса, бұл шешім тек бір ғана отбасының мұқтаждығын өтемейді. Елдің дамуына, ауыл-аймақтың тұрмысын түзеуге сеп болмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *