Жұмыссыздықты болдырмау, жұмыспен қамту мәселелері мемлекет тарапынан назарға алынып, осы бағытта арнайы бағдарламалар ұйымдастырылған. Әлеуметтік жұмыс орындары қалай ұйымдастырылады? Азаматтардың жұмыспен қамтылуына қандай мүмкіндіктер бар? Осыған тоқталайық.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытужөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Оған кімдер қатыса алады? Оған әлеуметтік жұмыс орындары барлықменшік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ, үйде ұйымдастырылады,бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмысберушілер қатысуға жіберіледі. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындарынұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердіңтізімдік санының 20%-ынан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялықүстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндеттіәлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20 (жиырма) айлықесептік көрсеткіштен аспайды.
Тағы бір ескертетін жайт, әлеуметтік жұмыс орындарындағыжұмыс уақытша сипатта болады және жұмыссыздар үшін арнайы құрылады. Жұмысқақамтылған азаматтар өз жауапкершілігі мен іскерлігін, бейімділігін көрсетіп,тәжірибесін молайту арқылы келешекте орнықты орын табуға өзіне мүмкіндікжасайды. Бұл жобаға жетім балалар, мүгедектер, бас бостандығынан айыруорындарынан босатылғандар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, кәмелетке толмаған балаларды, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті,көпбалалы ата-аналар, қандастар және басқа санаттар қатыса алады.
Соңғы мәліметтер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына биыл 3 мыңнан астам адам қатысып, жұмыс жасауда.