КЕНТАУЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

Қоғам
216 Views

Кентау қаласында «City Bike» автоматтандырылған, қаланың экологиялық жағдайына пайдасын тигізетін әлеуметтік жоба іске қосылды. Кентаулықтар енді қаланың екі бөлігіне орналасқан велосипедтерді белгіленген шарттары арқылы қолдана алады.

Велошеринг қызметін пайдалану үшін қажет картаның ақысы бір айға — 500 теңге. Алынған бір карточканы Кентау, Түркістан және Шымкент қалаларында пайдалануға мүмкіндік бар. Екі дөңгелекті көлікті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.

Велосипедті 30 минутқа дейін тегін пайдалануға болады. Осы уақыттан асқаннан кейін жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі. Тұрғындардың қолдануына қарай екі дөңгелекті көліктің санын арттыру жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *