Қоғамда танымал, көпшілік таңдайтын сұранысқа ие бірнеше мамандық бар. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар және ол әркез беделді әрі абыройлы мамандықтардың бірі болып саналады. Жастар арасында заңгер мамандығына деген қызығушылықтың барлық кезде жоғары болуының себебі де сонда болса керек.
Орталық Азия инновациялық университеті «Бизнес және құқық» факультетіне қарасты «Құқық» кафедрасында «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады. Яғни, олар болашақ заңгерлер және ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасырына сай цифрлық заңгерлер. Бұл маман иелері қоғамда әрдайым сұранысқа ие. Мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.
Жастардың заңгер болуға деген құштарлығы бекер емес. «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді.
«Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» мамандығының нақты қыр-сырын әркім жете біле бермейді, тіпті талапкерлердің өздері заңгер мамандығын таңдай отырып оның кейбір басым тұстары мен өзіне тән ерекшеліктері жайлы хабардар болмауы мүмкін. Айта кету керек, заңгерлерге мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін түрлі қолсұғушылықтардан қорғауы үшін ерекше өкілеттіктер берілген. Міне, сол себепті заңгерден үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Енді осы мамандықтың қыр-сырын мейілінше ашып көрсетіп, заңгер мамандығын таңдаған талапкерлерді болашақта қандай басымдықтар мен мүмкіндіктер күтіп тұрғанына тоқталайық: сот органдарында, прокуратура органында, ішкі істер органдарында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, адвокатурада, әділет, банк және өзге де қаржы органдарында – заңгер, заң кеңесшісі, мемлекеттік қызмет саласында, әскери салада – судья, прокурор, заңгер, заң кеңесшісі. Сонымен қатар білім мен ғылым саласында – мектепте, колледжде, университетте оқытушылық қызмет атқарады. «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша оқып, университет дипломын алған түлектердің болашақта өз қалаулары бойынша осындай сан-алуан сұранысқа ие керемет салаларда жұмыс істеуге ресми мүмкіндіктері бар.
Университетімізде «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша білікті профессор-оқытушылар қызмет атқарады.
2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Орталық Азия Инновациялық Университеті жанынан Шымкент қаласы бойынша «SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің өкілдігі ашылды. Өкілдік өз қызметін 2010 жылғы 4 мамырдағы «SR тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың Қазақстандық Лигасы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің жарғысымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы заңнамасына, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Бірлестік қызметінің мақсаты:
— Мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда тұтынушылардың мүдделерін білдіру;
— Тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
— Азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
— Корпоративтік істі тиімді жүргізу туралы ақпарат пен тәжірибені тарату, семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
— Бірлестік мүшелеріне гранттар, кредиттер алу және инвестициялар тарту үшін жобалар әзірлеуге жәрдемдесу;
— Бірлестік мүшелеріне кеңес беру қызметін ұйымдастыру.
Сонымен қатар, университет ішінде кәсіби медиатор кабинеті жұмыс жасайды. Медиация – дауды шешу тәсілі. Бұл тұрғыда қол жетілген табыстар баршылық. Іс барысында медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы үлкен рөлге ие. Медиация дауласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін емес, дауласушы тарапты бітімге келтіру үшін қызмет етеді.
Орталық Азия инновациялық университеті «Бизнес және құқық» факультетіне қарасты «Құқық» кафедрасында «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламаларының білім алушылары медиация бойынша білімдерін жетілдіріп, арнайы сертификат иеленеді.
Құрметті достар, сіздерді Орталық Азия инновациялық университетіне «Құқықтану» және «Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып, заңгер мамандығын иеленуге шақырамыз.
Э. Н. ОРАҚБАЕВА,
Орталық Азия инновациялық университетінің аға оқытушысы