АРЫС ХАЛҚЫ КЕРЕКУЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Саясат Қоғам
283 Views

Абай және Павлодар облысының делегаттары «AMANAT» партиясының Арыс қалалық филиалында жергілікті тұрғындармен қоныс мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Аталған қос өңірде біршама салалар бойынша мамандар тапшы. Мәселен, шығыстағы Бесқарағай ауданына география мен математика пәнінің мұғалімдері, диспетчер-энергетиктер, автослесарь мен дәнекерлеушілер ауадай қажет.

Үгіт-насихат тобымен жүздесуге қаладан бөлек, оған қарасты ауыл тұрғындары да келді. Теріскей аймаққа қоныс аударуға ықылас танытқан отбасылардың жан басына 214 мың теңгеден бір реттік қаржылай көмек беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы коммуналдық шығындары мемлекет есебінен өтелген тұрғын үйді тегін жалдауға болады.

Кездесуге келушілер арасында біршама арыстықтар көшуге ниет білдірді. Оның дені жас отбасылар. Керекуліктер мен шығыстық делегация әрмен қарай өңірдегі өзге аудан тұрғындарымен жүздеспек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *