«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбірөзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабардар етеді.
Зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртібі және зейнетақы активтерінің құнын қайта бағалау кезеңділігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысымен айқындалады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 15 ақпандағы № 31 қаулысымен жоғарыда көрсетілген Қағидаларға зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құнын есептеу тәртібі бөлігінде өзгерістер енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес есеп айырысу аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерін есепке алу және есептеу тәртібі мынадай әдіснамалық тәсілді көздейді. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) зейнетақы жарналары түскен кезде, келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасын есептеу жөніндегі операциялар оларды зейнетақы жарналары түскен күнгі шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің баламалы санына қайта есептей отырып жүзеге асырылады. Салымшының (алушының) ЖЗШ-сынан зейнетақы төлемдерін жүргізу кезінде зейнетақы жинақтарының сомаларын есептен шығару жөніндегі операциялар оларды зейнетақы төлемі күніндегі шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің баламалы санына қайта есептей отырып жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтері ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылатындықтан, шартты бірліктің құнын есептеуді апта сайынғы негізде жүргізу (аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша) қаржы құралдары құнының және олар бойынша инвестициялық кірістің қысқа мерзімді нарықтық өзгеруінің салдарынан салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының күнделікті ықтимал ауытқуларын реттеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, салымшыларға (алушыларға) ЖЗШ-дан берілетін үзінді көшірмелердегі инвестициялық табыс бөлігіндегі ықтимал өзгерістер әрбір аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында және әрбір айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңында көрініс табатын болады. Бұл ретте зейнетақы жарналарының (өсімпұлдардың) барлық түсімдері туралы, жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдары туралы (екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті операторларға, сақтандыру ұйымдарына, инвестициялық портфельді басқарушыларға) ақпарат бұрынғыдай операцияларды жүргізу кезінде күн сайын толық көлемде көрсетілетін болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).