ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Тәрбие Қоғам
431 Views

Бізде бір әдет бар. Полиция қызметкерлерін көрсек, ұнатыңқырамай қаламыз. Бұл дұрыс емес!

Неге?

Өзіміздің іс-әрекетімізге мән бермейміз. Бәрін жасаушы солар, бәріне солар кінәлідей көрінеді.

Себебі, мен жақында облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік полиция басқармасына, айыппұл төлеу орталығына барғанмын.

Бөлім басшысы подполковник Марат Оразбаев, көмекшісі капитан Еркебұлан Опабеков деген азаматтар екен. Өзім ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат болғандықтан Никси 631 жеңіл автокөлігін келінімнің атынан несиеге алған болатынмын. Қазір ол несиемнен құтылғанмын.

Соны әлгі қызметкерлер асықпай түсіндіріп, ілулі камералардың жылдамдықты арттырғанда, дұрыс бұрылмаған жағдайда фотоға түсіретінін айтып, келешекте мұндай асығыстыққа жол бермеуге шақырды. Аса ұқыптылықпен! Асықпай. Мезгіл сәскеге таяу болғандықтан Еркебұлан Опабеков түскі үзіліске шықты ма, әлде жолы солай түсті ме, теміржол вокзалына дейін жеткізіп салғанын қайтерсіз. Ойлаған ойымнан өзім ұялдым.

Адам қашанда адамдығын жоғалтпайды екен-ау деп ойладым.

Осы офицерлерге үлкен рахмет!

Ералхан ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *