«Зерде» оқу орталығы он тоғызыншы түлектерін түлетті. Жыл сайын орталықтың 95 пайыз бітірушісі мемлекеттік грант иегері атанады. Осыған орай, білім мекемесінің ұйымдастырушылары ҰБТ жоғары балл жинаған оқушыларды арнайы шақырып, алғыс хатпен марапаттады.
«Зерде» оқу орталығы 2003 жылдан бастап мектеп бітірушілерін ҰБТ дайындайды. Биыл аталған орталықтан 19-шы бітіруші түлек үлкен өмірге қадам басты. Бүгінге дейін 8 мыңға жуық оқушыны қанат қақтырған «Зерде» білім ордасы 2021-2022 жылғы мектеп бітірушілеріне арнайы марапаттау кешін ұйымдастырды.
Әсия АНАРБЕКОВА, «Зерде» оқу орталығының директоры:
«Биылғы жылы оқушыларымыз өте жоғарғы көрсеткіш көрсетті. 130-дан және 12 0-дан асты. Оқушыларымыздың көпшілігі 100-ден асты. Осы оқушыларымыздың барлығы грантқа түседі деген ойдамыз. Осы оқушыларымыздың грантқа түсуіне ары қарайда үлес қосып, мамандық таңдау жағынан да көмектескелі жатырмыз. Жылда солай жасаймыз. Оқушыларымыздың мұндай жетістікке жетуі әрине біздің білікті ұстаздарымыздың арқасында. Осы курсқа облыс бойынша тіпті республика көлеміндегі ең мықты ұстаздарды жинағанбыз деп айта аламын».
Дінмұхамед ИБАДУЛЛА, «Зерде» оқу орталығының бітірушісі:
«Мен, «Назарбаев» университетінің грант иегерімін. ҰБТ 121 балл алдым. Математика пәнінен 45 баллдан 45 балл жинадым. Осындай жақсы нәтижелердің себепшісі болған «Зерде» білім орталығына алғысымды айтамын. Келесі оқу жылының түлектеріне сәттілік тілеймін».
Мұнда жыл сайын 500 ден аса мектеп бітірушілер келіп түрлі оқу курстарынан білім алады. Нәтижесінде 95 пайыз қатысушы тестілеу барысында жоғарғы ұпай жинап грант иегері атанады. Мәселен өткен жылы 488 түлек түрлі мамандықтар бойынша грантты ұтып алса, биылғы бітірушілердің алды 133 баллдан жоғарғы көрсеткіш көрсеткен. Орталықта білім алғандардың өзгеден оза шабуы, бұл аталған мекеменің сапалы білімге баулу әдісінің арқасында дейді бітірушілер.
Азат СЕРІКБАЙ, «Зерде» оқу орталығының бітірушісі:
«Мен ҰБТ 127 балл алдым. Арада бір ай өткен соң 128 балл алдым. Мұның барлығы «Зерде» оқу орталығындағы білікті мұғалімдердің арқасы. Барлығына алғысым шексіз. Мен алғаш келгенде 50-60 ұпайды әрең жинайтынмын. Өте қатты ұзақ уақытта. Қатты қиналып жинайтын едім».
Аталған білім ұясының марапаттау салтанатты кешін өткізу жыл сайын дәстүрге айналған. Мақсат: келесі буынның талпынысын арттырып, қызығушылықтарын ояту. Тестілеуге қатысып, ондағы кездескен қиындықтар мен қызықтарын ортаға салып білімнің шыңы биікте екенін ұғындыру. Сондай – ақ, орталық ұйымдастырушылары озат түлектерге сәт сапар тілеп, үлкен өмірдегі қадамдары қарыштай беруіне тілектестік білдірді.