КАЛИФОРНИЯ ШЫЛАУШЫНЫ – ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ

Қоғам
1 447 Views

Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде аудан шаруаларына биогумус органикалық тыңайтқышын өндірудің қыр-сырын үйретуге арналған семинар-кеңес өтті. Калифорния шылаушыны арқылы биогумус өндіруді үйреткен кездесуге Алматы, Ақтөбе қалалары мен облысымызға қарасты барлық аудан-қалалардан, ауылдық округтен 100-ден астам шаруа қатысты. Бұл бастама Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды.

Кездесуде сала мамандары биогумус бизнесі бойынша тәжірибемен бөлісіп, қатысушыларға кәсіпті қалай бастау керектігін егжей-тегжейлі баяндап, оның қыр-сыры бойынша толық ақпарат берді.

– Жұмыспен қамту орталығы арқылы берілетін грант алушыларға осы жобаны енгізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және облыс деңгейінде пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруды ұсынамыз, – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Қайымқызы.

Бүгінде биогумусқа қажетті шикізат ауыл тұрғындарының ауласынан көптеп табылады. Енді соны кәдеге жаратып, төрт түліктің көңіне шылаушын қосып, қарашірікке, яғни, органикалық тыңайтқышқа айналдыру арқылы егістік жердің құнарын арттыруға болады. Жердің құнарлығы артып, ол 3 жылға сақталады. Бұл бірінші кезекте шеттен келетін химиялық тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтады.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 15-ке жуық азамат осы шаруашылықпен айналысып жатыр. Аудан әкімінің тапсырмасына орай болашақта бұл кәсіп түрін барлық ауыл, елді мекендерде жүзеге асыру көзделіп отыр. Ордабасы ауданы Бөржар ауыл округі, Қайнар елді мекенінде жеке кәсіпкер Бақытжан Әсембеков Калифорния қызыл құрттарының басын көбейтіп, биогумус өнімін, яғни, органикалық таза тыңайтқыш өндіруде. Калифорния қызыл құрттарының өмір сүру ұзақтығы – 15 жыл. Өте төзімді әрі тез көбейеді, өсімтал. Кез келген адам үй ауласында өсіре алады.

Қайнар елді мекенінде жеке кәсіпкер Әсембеков Бақытжан Мырзанұлы 50 000 000 қызыл калифорниялық шы­лаушын асырап, жылына 1000 куб биогумус өндіруде, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі.

Кезінде 200 калифорниялық шы­лаушын сатып алған кәсіпкер, бүгінгі таңда 50 000 000 шылаушын асырауда.

Кәсіптің тиімділігі: калифорниялық шы­лаушындар шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады. Агросектрға бағытталған ауданымыз үшін органикалық тыңайтқыштың бұл түрі өнімділікті арттыруда, үй шаруашылығы секторында 2 өнім табиғи таза өнім алуда және әр бір азамат өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндігі бар. Аса қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрі.

Жобаның осы түрін Темірлан елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Қанат Патеев үй шаруашылығы секторында 2000 бас калифорниялық шы­лаушын асырап, соңғы 2 ай мерзімінде 10 000 басқа жеткізді. Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *