Шымкент қаласының аумағында карантиндік талаптардың сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Әрбір топтың құрамына учаскелік полиция инспекторы, аудан әкімдіктерінің, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қалалық прокуратураның өкілдері бар.
Осы орайда ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-мойоры Ералы Жұмаханбетовтың төмендегідей мәлімдеді:
— Жалпы қалада 30 мобилдік топ рейдтік іс-шаралар жүргізіп, карантин талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу бойынша 299 жайтты анықтады. Тәртіп бұзушылықтар сауда орталықтарында, дүкендерде, кафе, тамақтандыру мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда орын алды. Сонымен қатар, ескерту іс-шараларын өткізу бойынша 11 факті анықталды. Қазір қауіпті дерттің таралу қаупі әлі сейілмей тұр. Осы орайда, қала тұрғындарына айтарым, қабылданып жатқан шаралар ең алдымен індеттің таралуына жол бермеуге және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге бағытталған. Сондықтан карантин талаптарын барынша қатаң сақтауға шақырамын
Брифингте Полиция департаментінің басшысы заңсыз дәрі-дәрмектердің бағасын қымбаттатып сату фактілері де орын алғанын атап өтті.
– 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап бүгінге дейін Полиция департаментімен жедел профилактикалық шаралар жүргізу барысында дәрі-дәрмек тапшылығы мен бағасының қымбат сатылуы және интернет желісі арқылы жарнамалау фактілері анықталды. Қала бойынша заңсыз дәрі-дәрмектің бағасын қымбат сатылуы бойынша 15 факті белгілі болды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабымен қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеп, тексеру бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қала прокуратурасы тарапынан қылмыстық істердің тергеу реттілігі айқындалды. Зерделеу жұмыстары қатаң бақылауда, – деді Ералы Мұсаәліұлы.
Айта кететіні қалада рейдтік шаралар тұрақты жалғасуда.«Короновирус» инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау бойынша Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулылары шығарылғаны белгілі. Осыған сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі рейдттік іс-шара жүргізу барысында карантин талаптыран елемеген кәсіпкерлік нысандарын анықтады. Яғни 24 шілде сағат 02-28 шамасында Шымкент қаласы М.Х.Дулати көшесі №177 ғимаратында орналасқан «Shelby» кафесі жұмыс жасап жатқаны белгілі болды. Аталған жайт негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабының 1- бөлігінің 22-тармақшасына сәйкес аталған мекеме басшысы жеке кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы 3 бөлігімен процессуалды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжат Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.
Тағы бір осы сынды жағдайға карантинде жұмыс істеген демалыс орнын айтуға болады.
Ағымдағы жылдың 20 шілде күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс- шараларын жүргізді. Шара барысында карантин талаптарын елемей мерекелік шара өткізген демалыс орнын анықтады. Нәтижесінде Нұртас мөлтек ауданы, Нұртас көшесінің бойында орналасқан «Ақ сарай» демалыс орнының банкет залында мерекелік іс-шара өтіп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша демалыс орнының иесінен түсініктеме алынған.
ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 802-бап 2 бөлігін (құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар) негізге ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.
Карантин ережесін елемеген кафе де анықталды. Ағымдағы жылдың 25 шілде күні сағат 23:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің және Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулыларының талаптарына сай Қаратау ауданында жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде Қаратау ауданы С. Байтереков көшесінің бойында орналасқан «Loft House» кафесі карантин режимін бұзып, жұмыс жасауын жалғастырған.
Рейд барысында тағы мынандай 5 құқық бұзушылық анықталған:
· Шымкент қаласы, Республика даңғылы №1 үйде орналасқан «Полигон» компьютерлік ойын клубы;
· Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі №8/А үй жанында орналасқан «Арена» компьютерлік ойын клубы;
· Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Аян» азық-түлік дүкені;
· Шымкент қаласы, Ташенов және Уалиханов көшесі қиылысында орналасқан «Оңаша» саунасы;
· Шымкент қаласы, Ташенов және Мамедов көшесі қиылысында орналасқан «Roza Shym» гүлер дүкені.
Мұның бәрі қалада карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауда екенін көрсетеді. Бұл сақтық шараларының жүзеге асуы ең алдымен тәртіп сақшыларының күндіз-түні дамылсыз еткен еңбектерінің арқасы екені сөзсіз. Дегенмен қала тұрғындары мен мекеме басшылары ел үшін осындай қиын-қыстау кезеңде өз жауапкершілігін сезініп, дұрыс шешім қабылдауы да маңызды. Өйтпегенде «Еленбеген дерт жаман» демекші, ойланбай қабылданған шешімнің соңы орны толмас өкінішпен аяқталуы мүмкін.