«КЕНТАУ КЕМЕЛДЕНІП КЕЛЕДІ»

Сұхбат Қоғам
1 160 Views

Рашид АЮПОВ, Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі:

«КЕНТАУ КЕМЕЛДЕНІП КЕЛЕДІ»

Республикамызда жалпы халық саны 1,5 млн. адам болатын 27 моноқала бар. Соның ішінде кенді қалаға 1955 жылы 1 тамызда Кентау атауыберілген. Қала бастапқыда – Ащысай қорғасын мырыш кен орнын игеру мақсатындаХантағы мен Мырғалымсай жұмысшылар поселкілері негізінде құрылады. Уақыт өтекеле халық саны арта түскен қалашықтың бас даму жоспары алғаш рет 1971 жылыбекітіледі. Соның негізінде бірқатар көпқабатты үйлер бой көтеріп, қаланыңауқымы кеңейе түседі. Кезінде кенді қаланың экономикалық қозғаушы күші тек кенорындары ғана болса, бүгінде уақыт талабына сай өзге де бағытта дамыту қолғаалынған. Қазіргі таңда, мұнда 70 мыңдай халық тұрады. Одан бөлек, қалағақарасты 4 ауылдық округ бар.

Газеттің бұл санында біз Кентау қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюповпен сұхбаттасуды жөн санадық. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Рашид Абатұлының Кентау қаласына әкім болып тағайындалғанына 1 айдан астам уақыт өткен. Осы аралықта тиісті сала мамандарымен кеңесіп, қаланың бас даму жоспарын бекітіп үлгерген. Ол дамыған елдерде білім ала жүріп, жинаған іс-тәжірибелерін туған жерді түлетуге жұмсауды мақсат еткен мемлекеттік қызметкер.

– Рашид Абатұлы, кенді қала Кентаудың дамуына үлесіңізді қосу үшін осыдан бір ай уақыт бұрын қала әкімі болып келдіңіз. Кентау әу баста татулығы мен бірлігі жарасқан қала. Мемлекеттік бағдарламалар аясында «Моноқалаларды дамыту жөнінде» тұжырым қабылданғаннан бері де азды-көпті жұмыстар атқарылды. Енді әрі қарай Сіздің бастамаңызбен Кентау қалай дамиды?

– Кентау білім жағынан Кеңес дәуірінен бері алдыңғы қатарда болып келгенін білесіздер. Қазір де облыс бойынша алдыңғы орындардан табылып жүр. Бұл бірінші жағы, екіншіден Кентау қаласы кезінде кәсіпорындарымен аты дүркіреді. Әлі күнге дейін елімізге танымал кеншілердің көбі Кентау қаласынан шығады. Кентаудың дамуы ешқашан кенжелеп қалмақ емес.

Әрі қарай да бар күш-жігерімізді салып жұмыс жүргіземіз, ең алдымен өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамытсақ деген нақты жоспарларымыз бар. Басты атап айтарымыз, қаланың бас жоспарын қайта қарап жатырмыз. Алдағы уақытта инвесторларға қолайлы мүмкіндіктер бере отырып, тұрғындарымызға жайлы өмір сыйлап, туристерді өңірге тарту мақсатында тамаша ірі жобаларды бекітудеміз.

Кентау қаласына қарайтын төрт ауыл бар. Әрқайсысының даму бағытын белгілеп бердік. Мәселен, болашақта Ашысай ауылына көлемді шипажай салу, жергілікті ауыл халқын жұмыспен қамту мақсатында ірі инвесторлармен келісім-шартқа отырмақпыз. Сондай-ақ, Хантағы ауылы да табиғаты ерекше, керемет жер. Хантағы тұсына демалыс кешендерін салу жоспарланып, қажетті қаражатын, орналасу орнын, заңды құжатын әзірлеп қойдық. Бұйырса биылғы жылы ашылу салтанаты өтеді. Мұның барлығы да тарихи орны бар, туризмді дамытуға қолайлы аймақ.

Қарнақ деген ауылымыз бар, ол жерде ауылшаруашылығын қолға алу ойымызда бар.

– Бәрекелді! Кезінде Кентау қаласында аты әйгілі тау-кен орындары, трансформатор зауыты,экскаватор зауыты құрылғаны белгілі. Алайда, XX ғасырдың 80-90 жылдарындағы өндірісошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауырсоққы болды. Алайда, қала қайта түледі. Еңсесін тіктеді. Ендігі кезекте кәсіпорындарды, жалпы кәсіпкерлікті табысы жоғары деңгейіне жеткізу үшін қандайжұмыстар атқарылады?

– Кәсіпорындар арасында біздегі «Трансформатор зауыты» АҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт. Бүгінде Кентаудағы елді мекендердің географиялық ерекшеліктеріне қарай шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолдары айқындалған.

Айта кету керек, бүгінде Кентаудың инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен оң шешімін тауып келеді. Соның бірі ретінде жуырда ғана қалаға тартылған көгілдір отынды айтуға болады. Табиғи газ әзірге 20 мыңға жуық абономентке жеткізіліп отыр. Алдағы 2 жылда қаладағы және оған қарасты барлық ауыл тұрғындары толығымен көмір жағып, күл шығарудан құтылады.

Жалпы қалада Мәдениет сарайы, орталық кітапхана, саябақ, кинотеатр, «Кентау шұғыласы», «Кентау» атты қалалық газеттер жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология, медицина факультеттерінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж, Кентау Көпсалалы Колледж бар.

Ендігі кезекте қаланың ішкі тәртібімен айналысып жатырмыз, көшелерге бейнекамералар орнатамыз. Жұмыс қазір жақсы қарқынмен келе жатыр. Кентауда 1 мамырдан бастап салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық жарыстар мен мәдени шаралардың куәгері боласыздар!

– Түркістан күннен-күнге құлпырып түлеп келеді. Кентаудың да беталысы айқын. Өзіңіз «Болашақ» бағдарламасын бітірген түлексіз. Мемлекеттік қызметкер ретінде айтсаңыз, мемлекетіміздің даму сатысына дәл қазір қандай баға берер едіңіз?

– Расын айту керек, мемлекеттік жүйеде кемшіліктер бар. Әрбір саланың кемшін қалып жатқан тұстары бар, мемлекет қызметіндегі лауазымды тұлғалар біреуі біліп істейді, біреуі білместікке ұшырайды, тәжірибесіздігінен қателіктерге ұрынады. Сол кезде өзіне де, мемлекетке де зиянын тигізеді.

Сингапур, Малайзия, Индонезия секілді қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттерде нақты, айқын, дәлдікті көздейтін жоспар түзеді. Олар өз алдына «Қиял әлемін» құрады. Мәселен, олардың ойынша қаланың әрбір тұрғыны таңертең тұрғанда үйінде электр қуаты бар, жылы су ағып тұрған болуы керек. Таңертеңгі ас-суы бар, үйдің іші толық комфорт болуы тиіс! Мұндай адам таңда көтеріңкі көңіл-күймен тұрады, жұмысқа деген ынтасы мен талпынысы зор. Ол кісі бала-шағасымен сыртқа шыққан кезде көше тап-таза, жап-жасыл болуы керек. Аялдамаға келгенде, қоғамдық көлік уақытымен келеді, іші мұнтаздай. Жұмысқа жадырап келеді, кірген бойда барлығы күліп амандасады, қызмет көрсету сапасы өте жоғары. Жалақысы жоғары, отыратын орны орнықты, материалдары жеткілікті, айқай-шу жоқ. Ұжымда бір-бірін сыйлап, жұмыс істейді. Түскі асқа шықса, тиімді бағада дәмді тағамдармен қамтылған асханасы бар. Кешке үйіне келгенде тура сондай тап-таза үйіне келеді. Көңіл-күйі соншалықты орнықты болғандықтан баласына да сол күйді сыйлайды, «Сабағың қалай өтті?» деп баласының қас-қабағына қарайды. Міне, бұл мемлекеттер осы жобаны жүзеге асыра білген елдер, әлгі қиялдағы ертегі әлемді шындыққа айналдырды.

Біз де осы дәрежеге жетуіміз керек, ол үшін не істеу қажет?

Ең бірінші коммуналдық төлем қаражаты төмен болуы керек! Коммуналдық қызмет сапасы қазіргіден он есе сапалы болуы керек. Көше күніне бес рет сыпырылып, екі рет шайылуы керек. Барлық мекемеден кәсіподақ құрып бүкіл жұмысшылардың жағдайын жасауымыз керек. Дәмхана, мейрамханалармен, саябақтармен біріге келіссөз жүргізе жұмыс істеуіміз керек. Олар халыққа қызмет көрсету ісінде өз этикеті мен мәдениетін сақтауы керек! Осы деңгейге қанша уақытта жете алуымыз мүмкін? Халық бақытты болса, мемлекет дамиды! Бізде керісінше мемлекеттік қызметкер күнделікті бас көтере алмайтын жұмысқа бел шешіп кірісіп кетеміз де, халықтың күнделікті көңіл-күйі ұмыт қалады. Бізде БАҚ өкілдері, блогерлер халықтың ішкі талап-тілегін жеткізеді, бірақ көбінде эмоцияға кетіп қалады.

Қазір Кентау қаласында екі жылдық және бес жылдық деп үш этаптық жоспар әзірлеп жатырмыз. Екі жылдық жоспарда нағыз күйіп тұрған мәселе – коммуналдық қызметтердің сапалы болуын қолға алғалы тұрмыз! Бес жылдық және он жылдық жоспарда стратегиялық даму тұжырымдамалармен алға жылжитын боламыз!

– Ендеше істеріңіз алға баса берсін! Жаңа келген қызметіңізге тек сәттіліктер тілейміз!

Сұхбаттасқан

Қуанышбек БОТАБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *