Сайрам ауданы әкімі Ұ.Сәдібеков Қайнарбұлақ ауылдық округін аралау барысында Қасымбек Датқа ауылындағы «ТАН НҰР бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс барысымен танысты.
Аталған серіктестік 2020 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Кәсіпорынды Азатов Сардор басқарады. Мұнан алдын қиыршық, құм-тас өңдейтін жер қойнауын пайдаланушы кәсібімен айналысып келген.
Жеке кәсіпкердің есебінен жобаны іске асыру үшін 500 млн. жуық қаржысы жұмсалған. Ағымдағы жылы Түрік елінен 150 млн. теңгеге қосымша құрал-жабдықтары сатып алынған.
Кәсіпорынның жер телімінің көлемі 6 гектарды құрайды.
Кәсіпорында тауарлы бетон, бетон өнімдерін өндіреді. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 1000 текше бетон, 20 мың дана шлакоблок, 1500 дана жиектас, 500 ш.м. жолаяқ плитка өнімдерін шығарады.
Республика аумағында жоғары сапалы, беріктілігі бар құйматастар. Қазақстан Республикасының ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингі «BI GROUP», ірі құрылыс ұйымы және салушысы «Bazis-А» және өзге де бірнеше компаниялармен келісімшартпен жұмыс жүргізуде. Келісімшарт жасайтын құрылыс компаниялары 80 млн. теңгеден бастап, 1 млрд. теңгеге дейін тапсырыс береді.
Кәсіпорын 85 азамат жұмыспен қамтылған. Жұмысшыларды 3 мезгіл тамақтандыру мәселесі қаралған.