Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы» №728 қаулысы шеңберінде «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» мақсатында біліктілікті (дағдыларды), кәсіптік оқытуға жолданатын жұмыссыздардың санын, оқыту ұзақтығын көрсетумен өтінімдері бойынша оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы аудан әкімдігің кіші мәжіліс залында комиссия отырысы өтті деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында тиісті комиссия мүшелері аталған мәселені бірауыздан қолдады.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық Кеңес» КММ-і аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы оқу орталықтарының оқыту базасы жөнінде сұрап, сұрағына тиісті жауабын алды. Комиссия отырысының соңында аудан әкімінің орынбасары, комиссия отырысының төрағасы Хасанов Бақытбек Сембекұлы өз тарапынан оқуды аяқтаған соң, азаматтардың жұмысқа орналасуы және зейнетақы қорының төленуін зерделеп қадағалауын тапсырды.