ҒАБИДОЛЛА ӘБДІРАХЫМОВТЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

Қоғам
1 331 Views

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ана тілінен басқа орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген, шебер шахматшы, мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқан Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымовтың Елбасы Жарлығымен республикалық мәртебеге ие қаланың әкімі болып тағайындалуын жұртшылық жылы қабылдады.

Шаһарды екі жыл басқарған тұста Шымкентті мегаполис қала атанады деп жасаған 2026 жылға дейінгі Даму жоспарының жүзеге асар күні алыс емес.

Аз ғана уақытты араға салып туған қаласына қайта оралған Ғабидолла Рахматоллаұлы креативті, заманауи әкімдер қатарында. Кезінде қала әкімдерінің республикалық рейтингінде «Үздік төрттіктің» көшін бастап, Шымқалада өз қолтаңбасын қалдырып үлгерген Ғ.Әбдірахымовқа «Қош келдің!» дейміз.

Тамыр-таныстықтықтан, пендешіліктен бойын аулақ ұстайтын, Еуропа тәрбиесін көрген әкім жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап, велосипед мініп, өзгелерге қарапайымдылықтың үлгісін көрсетумен ерекшеленді.

Жаяу жүргіншілер жолын, жерасты жолдарындағы қауіпсіздік мәселелерін, қала тазалығы мен тұрғындардың мәдениеттілігіне дейін назарда ұстаған Ол қаланы қызғалдақпен көмкерді. Қаланың логотипін ғана емес, келбетін де өзгертті. Қарамағындағыларға өзін сөзбен емес, ісімен үлгі етті. Шымкент қаласын Қазақстандағы туризм орталығы етуді мақсат етті.

Ойға алған арман-мақсаттарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік сыйлаған Елбасының сенімді сарбазына сәттілік пен сенімділік серік болсын деген тілек білдіреміз.

Оңалбай АЯШЕВ,

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педогогикалық университет ректоры, облыстық мәслихатының депутаты, п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *