МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 12 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНУДА

Қоғам
238 Views

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 12 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Бақыт Асанов құрылыс нысандарын аралап, мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Онда құрылыс барысының сапасына бақылау жасап, кемшіліктердің орнын толтыруға тапсырмалар берді. Нысандардың жобаға сәйкес салынуын қатаң түрде талап етті.

Қазіргі таңда Мырзакент кентінде аудан әкімдігі мен оның дербес бөлімдері, прокуратура ғимараттарының құрылыс-монтаж жұмыстары әзірленуде. Сонымен қатар аудан орталығында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында спорт сарайы мен орталық саябақтың нысандары салынуда.

Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев ауылында 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы, Жамбыл ауылдық округі Жалын ауылында да 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы басталған.

Мақтаарал ауылдық округі Игілік ауылында бір ауысымды 50 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория бой көтеруде. Айта кетейік, Алаш, Жаңажол, Нұрлыжол, Еркінабад және өркениет ауылдарында мектеп нысандарының құрылысы қарқын алған. Бұл шаралардың өз деңгейінде атқарылуы жергілікті әкімдіктің назарында болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *