ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН АЯНБАЙ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН АҚСАҚАЛ

Қоғам
434 Views

Қадиров Шәріп Аташбекұлы!

ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойыншаДепартаментінің басшылығы, ардагерлер Кеңесі және жеке құрамы Сізді 80 жасқа толуыңызға байланысты шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз 1972 жылы КГБ-ның 2 жылдық Жоғарғы курсын бітіріп, 1988 жылға дейін Оңтүстік Қазақстанобылысының Мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің бөлім бастығы қызметінатқардыңыз. 1988-1992 жылдары Гурьев, қазіргі Атырау облыстық МҚК басқармасындабөлім бастығы қызметінен отставкаға шықтыңыз.

Еліміздің Мемлекеттік және Ұлттық қауіпсіздік Комитетінде қызмет атқарған мерзімде өзіңізді кәсіби дайындалған, ынталы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы ретінде таныта білдіңіз. Қызмет барысында, халықпен қарым-қатынаста Сіз қашанда кішіпейілдісіз, қайырымдысыз және қарапайымсыз, ұжымда сыйлысыз.

Отставкаға шыққаннан кейін 1993 жылдан 2007 жылға шейін Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында бөлім бастығы, Жаскешу ауылдық округінің әкімі болдыңыз.

Еңбек жолдарында көптеген орден-медальдармен, грамота, алғыс хаттармен марапатталдыңыз. Оның ішінде 1977 жылы шетел барлау қызметіне қарсы сәтті өткізген операция үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 1990 жылы КСРО МҚБ Төрағасының грамотасымен, Түлкібас ауданы 90 жылдығы, КНБ 30 жылдық медалімен, облыстық Мәслихат грамотасымен марапатталғансыз. Түлкібас ауданының «Құрметті азаматысыз».

Сізді құттықтай отырып, Отан алдындағы әскери міндетін толығымен мінсіз орындап шыққан, ұлт қауіпсіздігі жолында қиын да, қыстау жолдарда абырой мен ар тазалығын сақтай білген офицер ретінде құрмет тұтатынымызды білдіреміз.

Бүгінгі мерейлі жасқа толған туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге және жұбайыңыз Венера Абдуллақызына, от-басыңызға береке, имандылық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Қашанда Сіздің айналаңызды өзіңіз өсірген ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз және жаны жайсаң, мейірімді, ұлтын шын сүйген жандар қаумалай берсін!

Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай!

Уәлихан АДАЕВ,

ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *