МЕГАПОЛИС МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН АЛЬМАНАХ

Мерей Қоғам
1 124 Views

Биыл егемен еліміздің үшінші мегаполисі болып саналатын шырайлы Шымкентшаһары қос бірдей қуанышты датаны қатар атап өткелі отыр. Ежелгі де мәңгі жасқаланың 2200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында Халықаралық деңгейде тойланбақ. Сонымен қатар Шымкент – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдениастанасы атанғанынан да жұрттың бәрі хабардар. Өкінішке орай, төрткүл әлемдідүрліктірген қатерлі COVID-19 коронавирус індеті әзірге бұл жоспарлардың бәрінбіраз уақыт кейінге шегеретін сыңайлы.

Тойға тарту-таралғымен бару – қазақ халқының қанына сіңген жақсы қасиет. Осы орайда, журналист, публицист, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, өнертанушы, библиограф, баспагер, энциклопедист, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі әрі жеке кәсіпкер («Шымкент – 2200») ретінде қос-қабат мерейтойлар мен мерекелер жылына өзімше тосын сый-сияпат жасағым келді. Сөйтіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде үш айда бір рет жарық көретін әдебиет, мәдениет, өнер, спорт, туризм бағытындағы тақырыптарды қаузайтын республикалық әдеби-көркем альманах шығаруға ниеттендім. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлері – Дәурен Әскербекұлы Абаев (бұрынғы), Аида Ғалымқызы Балаева (қазіргі) мен аталмыш ведомствоға қарасты Ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Кеңесқызы Сүйіндіктің атына өтініш хаттар жолдадым.

Сүйікті қаламыздың шынайы ұлтжанды патриоты ретінде альманахқа «Shymkent», «Shymkent – 2200», «Shymkent – Megapolis», «Shymkent – Megapolis – 2200», «New-Shymkent», «Шымкент», «Шымкентім, шырайлым!», «Шырайлы Шымқала», «Шымкент – шайырлар шаһары», «Шымкент. Әдебиет әлемі», «Әдебиет әлемі», «Гүлжамал», «Фатима», «Қарлығаш», «Кәусар», «Айдана» деген секілді бірқатар атаулар ұсындық. 16 наурызда аталмыш министрліктегілер біздің атымызға «Шымкентім, шырайлым!» (№ KZ37YPY00021285), «Шымкент. Әдебиет әлемі» (№KZ26YPY00021289) деп аталатын қос бірдей лицензиялық куәлік жіберіп, көңілімізді бір көтеріп тастады.

Содан бері мегаполис мерейтойына арналған альманахты шығарудың әрекетінде жүрдік. Оның алғашқы саны Шымкенттегі «Қызмет газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспаханасында 200 данамен жарық көрді. Енді міне, соны Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Оқып, танысып шығып, бағасын берерсіздер деген ойдамыз.

Альманахтың алғашқы тұсаукесер саны өзімнің шығармашылық жолымды баяндайтын «Қайырымды қаланың қарымды қаламгері» деп аталатын библиографиялық очерк пен маған арналған ізгі тілектермен ашылған. «Айналайын, Анашым!» атты тұңғыш жыр жинағымның журналдық нұсқасы жарияланған. Бұл туындым негізінен мәңгілік тақырып — Махаббат жайлы нәзік сырлы сезімге, әсем әуезді де сазды лирикаға толы әнге лайықталған өлеңдерден құралған. Ағылшын, бенгал тілдеріне аударылған жекелеген өлең-жырларым мұхиттың арғы жағындағы Америка Құрама Штаттарының Нью-Сиэтл, Үндістанның Нью-Дели қалаларында жарық көрген әдеби-көркем жинақтарға енген. Бірқатар әдеби-көркем дүниелерім орыс және өзбек тілдеріне тәржімаланған. Кітабым «Махаббат мақамдары», «Түрлі тақырыптағы толғаныстар», «Жеке шумақтар», «Әріптестерге әзіл», «Жыр-шашу» (авторға арналған өлеңдер), «Аудармалар», «Әдебиет әлемі» деп аталатын бірнеше бөлімнен тұрады.

Қымбатты халайық! Алда жоба-жоспар көп. Құдай қаласа, Шымкент шаһарының имиджін көтеретін сан түрлі тақырыптағы кітаптар, энциклопедиялар шығаруды, байқаулар, конкурстар, мүшәйралар, фестивальдер өткізуді межелеудеміз. Егер мегаполис мэрі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев мырзалар шынайы қамқорлық, қолдау, көмек көрсететін болса, «Шымкентім, шырайлым!» республикалық әдеби-көркем альманағының салтанатты тұсаукесер рәсімін ЮНЕСКО-ның штаб пәтері орналасқан Францияның астанасы — Парижде өткізсек деген асқақ арманымыз бар. Ең бастысы – ойлы оқырмандарымыздың саны артып, альманағымыздың таралымы көбейе түссе екен дейміз. Сол себепті Сіздердің бәріңізді жаңа басылымға көптеп жазылып, шынайы қолдау көрсетуге шақырамыз. Айтпақшы, «Шымкентім, шырайлым!» республикалық әдеби-көркем альманағымен байланыс орнатқысы келетін жандардың abdisattar.alip@mail.ru электронды поштасына, ал альманахты сатып аламын деушілердің +7 702 127 91 30 телефонына хабарласуларын өтінген болар едік.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *