ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Туған жер
769 Views

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Қазақстанды әлемге танытып, туризм саласын дамытуға атсалысып жүрген «Qazaq Geography» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

– Сала мамандарымен туризм басқармасы бірлесе бірнеше жобаларды жүзеге асырып, карантинге қарамастан қызу жұмыстар атқаруда. Сол жобалардың бірі – Ескі қала аумағында орналасқан Цитадель жобасының VR-ролигі. Аталған жоба біздің қаламызға келген қонақтар мен тұрғындар үшін қаланы виртуалды тамашалауға таптырмас құрал. Неге десеңіз, басқа жақта тұрып, сіз Шымкент қаласының үздік деген туристік нысандарын VR Oculus Go көзілдірігімен көре аласыз, – дейді М.Исахов.

Жобада Цитадельдің ежелгі тарихынан бергі көріністі 3 тілде тамашалауға мүмкіндік бар. Карантин шаралары аяқталған соң Ескі қалашық пен туристік ақпараттық орталықтарды тамашалауға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *