МЕДИАТОР — БЕЙБІТШІЛІК САҚТАУШЫСЫ

Қоғам
1 263 Views

Тарихқа назар аударсақ, ХVІІ ғасырдың басында-ақ қазақ даласында орнаған билер институты мемлекеттік идеологиямен қамтамасыз етумен айналысқан. Олар дау-жанжалдарды шешумен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізген.

Медиаторлардың қызметі жанжалдасушы тараптарды татуластыруға бағытталған және заңгер мен адвокаттардың қызметінен түбегейлі ерекшеленеді. Сотқа жүгінер алдында тараптар алдымен медиаторға жүгінеді. Медиативтік келісім жасалған жағдайда олар қол қойған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Медиатор қызметінің арқасында дауды сот тәртібімен шешуге мұқтаждық болмайды. Айта кететін болсақ, көптеген даулар және сот арқылы шешілмеген дауларда кәсіби медиаторлардың көмегімен шешіліп, тараптар арасында екі жақты да қанағаттандыратын келісімдер жасалып, татуласып жатқандар көп деп айта аламыз. Медиатордың қызметі тек қана қақтығыстар мен дауларды шешу ғана емес, сонымен қатар идеологиялық тәрбие беруге, азаматтық қоғамды қалыптастыруға және дамытуға өз үлесін қосуға, халықты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, бір-біріне төзімділікпен және сыйластықпен қарауға, жанжалсыз қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тобықтай сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егемен елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт. Қорыта келгенде, Елбасы Жарлығымен 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» заң толыққанды, кідіріссіз жүзеге асуы үшін бақылауда болуы қажет. Бұл заңның қажеттілігі мен оның дамуы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқанының айқын көрінісі екенін айғақтайды.

Бауыржан УМИРЗАКОВ,

кәсіби медиатор.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *