Адамзаттың аналары,
Алтын құрсақ даналары,
Қыз-келіншектер,
Ерке сылқым «еріншектер»,
Құтты болсын Халықаралық
8 наурыз – әйелдер күні!
Бір қолымен әлемді,
Бір қолымен бесікті
тербеткен күні-түні,
Көктемнің гүлі –
Қызғалдақтар, бәйшешектер,
Нәзік құс нәуірзектер.
Сіздер
Ақ,
Пәк,
Сұлусыздар.
Кейде жұмбақ қусыздар,
Бір ауыз сөздеріңе
Ерлер ере береді,
Не десеңіздер де
Томпылдап көне береді.
Мейірім,
Шапағат,
Жылу да
Сіздердің жүректеріңде.
Әке, бала, жарына
Амандық тілектеріңізде.
Ғалым,
Ғұлама,
Әкім,
Бәрі де әйелдерге табынады.
Жер,
Су,
Күн –
Күллі әлем де Сіздерге бағынады.
Өйткені өмір тіршілік
Сіздерден басталады.
Ананың аяулы,
Алақаны тұрған жерде
Уайым,
Қайғы
Ары апарып тасталады.
Аяулы ана,
Қадірлі қыз-келіншектер,
Саулықтарыңыз мықты болсын,
Мейрам құтты болсын!
Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.
Төлеби ауданы.