ЖОҒАРЫ МЕКТЕПКЕ ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛГЕН

Білім Құттықтаймыз
1 248 Views

Дана халқымыз: «Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағатты сөзді бекер айтпаған. Ақынды да, әкімді де, батырды да, балуанды да Ана дүниеге әкеледі. Бойындағы бар махаббаты мен шапағатын баласына арнайды. Перзенті ертерек ел қатарына қосылу жолында қолынан келген бар жақсылығы мен қамқорлығын аянып қалмайды.

Қазіргі таңда жас ұрпақтың оқу-білімге деген ынтасы тым жоғары. Көбірек оқысам, көбірек білсем екен деп талпыныс жасайды. Өскелең заман талабынан қалып қойғысы келмейді. Көп тіл білуге құштарлық танытады. Компьютердің құлағында ойнайды. Міне, осындай талантты да дарынды жастар біздің Әбдімұса Қуатбеков атындағы Қазақстан Халықтар достығы университетінде көптеп саналады. Оларға дұрыс жол көрсетіп, сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп жүрген профессор-оқытушылар құрамының еңбегі де елеулі екені белгілі. Жиырма жылдан астам тарихы бар жоғары оқу орнымыздың қабырғасынан мыңдаған шәкірт түлеп ұшты. Олардың арасында өздерінің ерен еңбегімен еленгендер, білім мен өнер бәйгелерінде топ жарып, егемен еліміздің мақтанышына бөленіп жүргендері қаншама.

Жоғары оқу орындарына қашанда жоғары талап қойылып келгенін жұрттың бәрі жақсы біледі. Өйткені, біздің университетімізде оқып, тәлім-тәрбие алып жүрген жастар – егемен еліміздің ертеңі, жарқын болашағы екені даусыз. Сол себепті олардың жан-жақты білімді де білікті маман, адамгершілігі мол азамат болып жетіліп шығуы үшін қолдан келген қамқорлығымызды аянып қалмауға әрекет жасап келеміз. «Әрекет түбі – берекет» дегендей, мұның бәрі күні ертең өзінің игі жемісін берері сөзсіз.

Қымбатты әріптестер! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Рабиға ҚУАТБЕКОВА,

Әбдімұса Қуатбеков атындағы Қазақстан Халықтар

достығы университетінің ректоры,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *