Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде 92 от жағушыға зиянды жұмыстармен айналысқаны үшін еңбекақыға қосымша (30 пайыз мөлшердегі) төлемдер жүргізілмей келген. Нәтижесінде аудандық білім бөлімі жұмыскерлер алдында жалпы көлемі 6 млн. теңге қарыз пайда болған. Аудан прокурорының ұсынысымен от жағушылардың еңбекақылары қайта есептеліп, пайда болған берешек толығымен төленді.
Сонымен қатар прокурорлық талдаумен Арыс ауданының балабақшаларында 601 қызметкерге жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалмағаны анықталды.
ҚР Еңбек Кодексі (23-бабы 2-тармағының 15-тармақшасы) талаптарын бұзғандарға шара қолдану үшін аудан прокуратурасы Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұсыныс енгізді.
Қазіргі күні прокурорлық акті негізінде аудандағы балабақша қызметкерлері жазатайым оқиғалардан толығымен сақтандырылды, ал заң талаптарды бұзуға жол берген балабақшалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 230-бабының 2-тармағымен жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысының прокуратурасы.