МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІНЕ АЙНАЛУЫ
«RoboZerde -2024» I республикалық робототехника фестивалінен де көрініс тапты
Қазіргі жастардың, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуге ынтасы зор екені Астана қаласында өткен «RoboZerde -2024» I республикалық робототехника фестивалі барысында да көрініс тауып жатты. Оның өзіндік символдық мәні де бар.Себебі бұл ауқымды шара сирек талант, жас ақын, қазақ тілін қастерлей білгендарын иесі Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың есімімен тікелей байланысты.
Іргелі іс-шара туралы айтпас бұрын қазақ тілін қадірлеуге байланысты аз-кемайта кетелік. Жасыратыны жоқ, қазіргі жастар орысша сөйлеуге бейім тұрады. Анатіліне мән бере қоймайтын оқушылардың кездесетіні аз емес екені белгілі. Ал«RoboZerde -2024» I республикалық робототехника фестивалінен бір байқағанымызәрі сүйсінгеніміз бұл алқалы басқосуға республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп қатысқан мектеп оқушылары өздері жасаған өнімдерін қазақ тілінде жеткізе айтып беріп жатты.
Айта кетерлік жайт қазақ тілінің ғылым тіліне айналуы қазіргі жастардың, оның ішінде болашақта елімізге ие болатын бүгінгі мектеп оқушыларының мемлекеттік тілге жүйріктігіне тікелей байланысты. Осы шарамен байланысты Әлихан Мақсұттың ана тіліне жетіктігі былайша тұрсын, осы тілде балаусажырларын жазып, қазақ әдебиетінің қорына қосылғанын білеміз. Сол арманда кеткенжас таланттың осы қыры да қазіргі оқушыларға үлгі ретінде қалыптасып кележатқанына қалай қуанбассың! Бұл еліміздегі әрбір оқушы жадына берік ұстар ғибрат екенін астын сызып айтпақпыз.
Енді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бас ғимаратында өткен Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde – 2024» I республикалық робототехника фестиваліне тоқталайық.
Технократ оқушылардың алғашқы республикалық сайысы 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі күндері Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының құрметіне ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық спортты насихаттау арналады. Еліміздің жиырма аймағынан (17 облыс, 3 қала) және Қырғыз Республикасынан шақырылған екі жүзден аса фестивальге қатысушы мектеп оқушылары робототехниканың «РобоСпорт» бағытының төрт санаты бойынша («Арқан тартыс», «Асық ату», «Мерген», «Ақсүйек») және «Шығармашылық жоба» бағыты бойынша «Мәдени мұра және инновация» деген санатта сайысқа түседі.
Фестивалді өткізудің мақсаты, өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалармен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауларында айтылған елімізге қажетті болашақтехник мамандарды дайындауға қолдау көрсету, оқушылардың жасаған инновациялықжобаларын, өнертабыстарын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен насихаттау болды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жәнеқолдау жөніндегі «Астана дарыны» орталығы, Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, «Роботек» робототехника мектебі, «Марс роботикс» роботехника мектебі және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қорыбірлесіп ұйымдастырған фестиваль жыл сайын мамыр айында дәстүрлі түрде өтпек. Фестивалдің тұрақты демеушісі «Аманат» партиясы мен партияның «Жастар рухы» жастар қанатының қолдауы көңіл қуантты. Дарынды оқушылардың ғылыми дағдысын шыңдау және тәжірибе алмасу үшін келешекте фестивальді халықаралық деңгейге көтеру жоспарланып отыр. Шараның ашылу және жабылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, журналистер, блогерлер қатысты.
Жарыстың ашылу салтанаты ЕҰУ Бас ғимаратының мәжіліс залында өтіп, жиынның алдында белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмі көрсетілді.
Фестивальдің «РобоСпорт» бағыты ЕҰУ «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешенінде, «Шығармашылық жоба» бағыты «Күлтегін» атриумында өтті.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген оқушылардың робототехника саласындағы тырнақалды туындылары жиналған көпшілікті тәнті етті. «Ел іші – өнер кеніші» демекші өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бұл салаға қызығушылығы меналғашқы туындылары іс-шараға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, көрмеге қойылған туындылардың жаңашылдығы ерекше әсер қалдырды.
Салтанатты жиынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай ашып, былай деді:«Фестиваліміздің мақсаты – өздеріңіз секілді мектеп оқушыларының робототехника саласына қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту.
Робототехника – болашақтың емес, бүгінгі күннің құралына айналып үлгерді. Әлемде қоғамның әртүрлі салаларында роботтар кеңінен пайдаланылады. Мәселен, дрондар түсірілім жасап, роботтар космосты зерттеп жатыр. Өркениеттің маңыздыжетістігін пайдаға жарату – заман сұранысы. Ең маңызды жайттардың бірі – қазіргі таңда робототехниканы тек ғалымдар ғана емес, оқушылар да игеріп жатыр. Елімізде робототехниканы жетік меңгерген, талантты балалар аз емес. Оған дәлел – қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионаттардағы жетістіктері, оған дәлел – мына сіздер.
Робототехника – Қазақстанда енді ғана жанданып келе жатқан үлкен индустрия. Зерттеушілердің пікірінше, алдағы 5-10 жылда сервис, логистика және транспорт, машина жасау өнеркәсібінде робототехника кеңінен қолданыла бастайды. Қазір осы салада өзін жетілдіріп жүрген жасөспірімдер, яғни Сіздер сол уақытта нарықтағы сұранысқа ие маман боласыздар. Бір қуантарлығы, елімізде бұл сала оқушылар мен жасөспірімдер арасында трендте. Олардың қызығушылығы жоғары. Сондықтан елімізде «қазақстандық робототехник» ұлттық брендін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған дәлел – мына бүгінгі фестиваліміз.
Елімізде робототехниканы дамыту, оны қазақыландыру, ұлттық брендімізге айналдыру, елімізді техникасы, технологиясы дамыған мемлекеттердің қатарына қосу – мына сіздердің қолдарыңызда.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған бүгінгі фестивальге қатысушы командаларға сәттілік тілеймін.
Бұдан да биік берестерді бағындыруға, Робототехника саласы бойынша елімізді әлемге таныта берулеріңізге тілектеспін!»
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек ғылымның болашағы жасанды интеллект пен робототехниканың дамуына тікелей байланысты екеніне тоқтала келіп, ата-бабаларымыз қалдырып кеткен кең-байтақ даланы одан әрі өркендету үшін жаңа заманауи технологияларды жан-жақты игеру қажеттігін атап көрсетті. Жасанды интеллект комитеті құрылып, цифрландыруға жете көңіл бөлініп, Ұлттық концепция қабылданғанынан жиналғандарды хабардар етті. Бұл шара жас дарындарды қолдауға бағытталғанын, осы оқушылардың арасынан болашақта Илон Маск, Билл Гейтс сияқты тұлғалар шығатынына сенімді екенін айтты. Биікке шығу үшін үлкен арман керектігіне тоқталды.
Бұдан кейін сөйлеген ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы – бірінші вице-президенті Тастанбек Есентаев және басқа шешендердің жүрекжарды сөздерімен тілектері жас таланттарға қанат бітіріп, ыстық ықыласпен қабылданды. Жиналғандар осы ауқымды шараның басы-қасында жүріп, ерекше ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен белгілі айтыскер ақын, ғалым, ЕҰУ-нің кафедра меңгерушісі Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазыға шынайы ықыластарын білдірді.
Расында бұл ұлт қамы, келешек жастардың талантын ашудағы ерекше жоба болғандығын осы фестивальға келген қонақтар жаппай айтып жатты. Болашақта бұл жоба халықаралық деңгейге көтерілетіні күмән туғызбайды.
М. БАЛҚЫБЕКҰЛЫ,
Астана қаласы