ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Экономика Қоғам
70 Views

ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардың нәтижесінде ауданда өз ісін дамытумен қатар өзгелерді де тұрақты жұмыспен қамтып отырған жандар аземес. Бірі кәсібін енді ашса, енді бірі ауқымын кеңейтуде.

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов сондай кәсіпкерлердің бірі Әбдісаттар Қолдасовтыңшағын цехының жұмысымен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан құны 350 млн. теңгені құрайтын «Тоқыма емес мата өндірісі» цехының алғашқы өнімдерін көрді.

8 станоктатәулігіне 5 мың метр тоқыма емес мата мен айына 2 станокта 60 тонна мақта зауыттарына қажетті сымтемір өндіруге қауқарлы цехта 18 азамат тұрақты жұмыспенқамтылған. Көршілес Өзбекстан елінен арнайы мамандарды шақыртып, жергілікті тұрғындарға технологияны оқыту, үйрету жұмыстары жүргізілуде. Себебі, бұғандейін ауданда мұндай кәсіпорынның болмауына байланысты маман тапшылығы бар. Сымтемірге қажетті шикізатты Қытай мен Ресейден, ал, тоқыма емес мата шикізатын мақта зауыттарынан алатын кәсіпкер цехты іске қосу үшін мемлекеттен 85 млнтеңге жеңілдетілген несие алса, 65 млн теңгені жеке қаржысы есебінен салған. Өнімдерін бүгінде Алматы, Шымкент қалаларымен қатар Жетісай ауданының кәсіпкерлеріне саудалауда.

Өзбекстан сым темірлерінен сапасы жағынан кем түспейтін өнімнің бағасы да төмен. Тоннасы қосымша құн салығын қоса есептегенде 720 мың теңге болса, көршілердікі 810 мың теңге.

Кәсіпкердің жұмысы мен өнімін көзбен көріп, қажеттіліктерін өзінен естіген Серік Үсенұлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаевқа шикізат пен маман тапшылығының алдын алуға, өнім көлемін арттыру үшін қосымша қаржыландыру тетіктерін қарастыруға және дайын өнімдерді өткізуге көмектесуді, отандық өнім өндірушілерге барынша қолдау білдіруді тапсырды.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨЗ КӘСІБІН АШЫП, НӘСІБІН АРТТЫРУДА

Созақ ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашқан азаматтардың саны күн санап артуда. Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған жобаны ұтымды пайдаланған Жартытөбе ауылының тұрғыны Майусов Құрманбек 5 млн. теңгені құрайтын 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, бүгінде аса сұранысқа ие термопанель өндірісін жолға қойған. Қазіргі уақытта алғашқы тапсырыстарын бастап үлгерген кәсіпкер 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Жартытөбе ауылына арнайы барған Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жеке кәсіп иесімен кездесіп, пікір алмасты.

— «Ауыл аманаты» жобасы басталған сәтте жобаға қатысып, өз кәсібімді ашуды ұйғардым. Несиеге қол жеткізіп, термопанель өндірісін кәсіби маман ретінде бастадым. Термопанель өнімі біріншіден үйдің жылылығын қамтамасыз етсе, екіншіден үйдің сыртына керемет көрік береді және қаржылық жағынан да үнемді болады. Ауылым аудан орталығының іргесінде орналасқандықтан сұраныстың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар тарапынан түсуде. Халықтың арқасында табыс тауып отырған соң барынша сұранысқа сай үлгеріп, сапасына мән беру арқылы көптің көңілінен шығуға тырысамын, — дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің жұмысымен егжей-тегжейлі танысқан аудан басшысы жаңа бастамасына жеміс тіледі.

САУРАН АУДАНЫНДА ЖИҺАЗ ЖӘНЕ ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдыменОранғай ауылдық округіндегі жаңа тігін цехының ашылу салтанатына қатысты. Тігінцехы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен «Игілік» әлеуметтік жобасыарқылы қолға алынған.

Шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат депутаты Әбдірашид Жүсіпов қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты аудандағы көп балалы аналар, аз қамтылған және мүгедектігі бар отбасыларды қолдау және өмірлік қиын жағдайдан шығару, үйде жұмыссыз отырған аналарды кәсіпке бейімдеуге бағытталған. Осыған орай, Оранғай ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылдық округтегі мәдениет үйінен ғимарат қаралып, тігін цехы жұмысын бастады.

Аталған ғимаратқа аудандағы жеке кәсіпкер «SEM-BRAND» жиһаз фабрикасының басшысы Бабыр Абиловтың демеушілігімен 14 дана тігін машина алынып, орнатылды. Бүгінгі күнге Оранғай ауылдық округінің көп балалы, атаулы әлеуметтік көмек алушы аналарға тігін тігуді үйретуде. Жұмыста жақсы үйренген 14 азаматшаны жеке кәсіпкер тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аталаған жоба алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтерде қолға алынатын болады.

Негізінен тұрмыстық жиһаздарды өндіретін кәсіпорында жатын және қонақ бөлмеге, ас үйге арналған жиһаздар өндіріледі. Сондай-ақ, түрлі шкафтарды жасап шығарады. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы – 10 000 дананы құрайды. Кәсіпорын басшысы Ұйғын Әбішевтің сөзінше, жиһаздарға отандық және түрік материалдары қолданылады. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті сертификатымен расталған. Бүгінде цех қызметкерлері жиһаздың сан түрін жасап шығарып жатыр.

Сондай-ақ Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде 25-ші жиһаз шығаратын «ASIA BREND» кәсіпорыны өз жұмысын бастады. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Абдуллаев, ауыл ақсақалдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«ASIA BREND» жиһаз кәсіпорнының басшысы Ұйғын Әбішовтің бастамасымен бастаған кәсіпорында бүгінде 30 қызметкер тұрақты түрде жұмыс жасайды. Өнімнің негізгі өндірілетін түрлері — тұрмыстық жиһаздар. Жатын, қонақ бөлмеге, балаларға арналған, ас үй сөрелері, шкафтар мен шифоньерлер сияқты түрлі жиһаз түрлерін шығарады.

Мұндағы өнімнің жоғары сапалы отандық және түрік жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы өндіруде. Сондай-ақ, кәсіпорын өнімдері сапа менеджменті сертификатымен расталған. Бұдан бөлек, өндіріс орны дизайнерлердің қатысуымен сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынуда. Аталмыш кәсіпорынның қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығаруда.

Ал Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев Иассы ауылдық округінде орналасқан «Хайдаров ЖК» жиһаз кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшысы Валид Бабирұлы аудан әкімінің орынбасарына кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде аталмыш кәсіпорын 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Айына 350-ге жуық үстел шығаратын кәсіпорынның өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп, сұранысқа ие болуда. Алдағы уақытта цех өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

МАТРАЦ ЦЕХЫ  АШЫЛДЫ

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде матрац шығаратын шағын цех іске қосылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Аталған жоба 2023 жылы бастау алып, биыл пайдалануға беріліп отыр. Жобаның құны 300 млн. теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 3600 дана матрац шығаруға қауқарлы. Бүгінде тұрақты 5 адам жұмыспен қамтылған.

Цех басшысы Ильяс Құлахметов алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібін 2 есе үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. Қазіргі таңда өнімге сұраныс артып, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облысына жеткізілуде. Жұмысшылардың орташа жалақысы 200 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, аудан көлемінде 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,0 млрд. теңгеге артып, 49,4 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы өнім көлемін 85,0 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

СҮТКЕНТ АУЫЛЫДА ЖАҢА КӘСІПТІК НЫСАН АШЫЛДЫ

Сүткент ауылының Маханов Жандос, Абдулла Мейірхан және Қонарбай Нұрдәулет есімді жас кәсіпкерлері «Үйдің сыртын қаптау» яғни атауы «Shym fasad» кәсібін қолға алып, кәсібін бастады.

Заманауи пайдасы мол кәсіптің ашылу салтанатына жергілікті әкімдік өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысып, жас кәсіпкерлерге ақ батасын берді.

«Бұл кәсіп бүгінгі таңда сұранысқа ие екендігіне көз жеткізіп, бір жағы ауылымызды дамытуға үлес қосудамыз. Өнімімізге енді сұраныстар түсіп бастауда. Алдағы уақытта өндіріс орнын кеңейтіп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына жасалып жатқан қолдауларды пайдаланып, әрі қарай дамуға ниеттіміз», — дейді кәсіпкерлер.

КӘСІПКЕР 9 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастаушыларға 10 жылдан бері қолдау білдіріп, заң аясында қызмет көрсетіп келеді. Палатаның Түлкібас аудандық филиалының қолдауы нәтижесінде көптеген тұрғындар кәсіп бастап, өз ісін өрге дөңгелетуде. Солардың бірі – Әлихан Жорабаев. Ол тұрмыстық химия өнімдерін шығарып, он шақты жылдан бері кәсіпкерлік салада еңбек етіп келеді.

Жеке кәсіпкер ыдыс-аяқ және кір жууға арналған гель, кір сабын және сұйық сабын өндірумен айналысады. «Lady» атауымен шығатын өнімі Шымкент, Тараз, Астана, Қызылорда қалаларында сатылымда. Елімізде тұрмысқа қажетті тауардың дені шетел импортталады. Бұл ретте жас кәсіпкер осы олқылықтың орнын толтырып, ішкі нарыққа отандық брендті қалыптастырып үлгерді.

Майтөбе ауылындағы шағын цехта 9 адам жұмыс істейді. Әлихан Ғабибуллаұлы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарлама шеңберінде 5 млн теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Кәсіпкер қолдағы бар қаржыға цех жұмысын кеңейтуді көздеп отыр.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН

Түркістандық Ажар Бимурзаева 5 баланың анасы, ұлттық өнерді насихаттаумен қатар, кәсіпке айналдырып отырған шебер.

Жастайынан тігін өнеріне қызыққан жан бүгінде нәзік жандылардың көңілінен шығатын түрлі сөмкелер мен қыз жасауларын, сондай-ақ балаларға арналған жұмсақ ойыншықтарды да дайындайды.

Көпбалалы ана сүйікті ісін кәсіпке айналдыру үшін қайтарымсыз грант конкурсына қатысып, бүгінде өз шеберханасын ашқан. Өзі сияқты тігін ісіне құмар жандарды баулып, жұмыспен қамтып отыр.

– Бала кезімнен қуыршақтарға киім тігуге қызығатынмын, кейіннен өзіме керекті сөмке, сырт киімдерімді қолдан дайындай бастадым. Тіккен киімдерім ортама ұнап, шабыт ала бастадым. Сосын сүйікті ісімді хобби ретінде ғана емес, кәсібіме айналдырғым келді. Ендігіде шағын шеберханамды үлкейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап жүрмін, – дейді тігінші.

ҚҰЛПЫНАЙҒА СҰРАНЫС АРТУДА

Күй талғамайтын, яғни кез келген жерде өсе беретін және климатқа онша тәуелді емес өсімдіктің бірі – құлпынайға деген сұраныс артуда. Дәмді жидекке балалармен қатар ересектер де құмар. Салауатты өмір салтын ұстанушылар құлпынайды десерт ретінде ғана емес, денсаулықты ретке келтіретін дәруменге толы жидек ретінде қабылдайды.

Сұраныс бар жерде ұсыныс та туындайды. Бірінші Төлеби ауданындағы Мамыр ауылдық округінің шаруалары өз ауласындағы шағын алаңнан бастап алқаптарға да дейін құлпынай өсіруді қолға алған. Сөзіміздің дәлелі, ауылдық округ тұрғыны, зейнеткер Зылиха Маусымбекова үй іргелік 5 соттық жеріне 2500 түп құлпынай еккен.

«Құлпынай — жидектердің нағыз ханшайымы. Оның дәмі мен талғампаз хош иісін ұнатпайтын адамды табу қиын. Көктеп, гүлдеп өсіп келе жатқан шырынды жидекті өсіруді былтырғы жылы бастадық. 2023 жылдың тамыз айында еккен құлпынайымыз қараша айында өнім берді», — деді шаруашылық жөнінде ауыл тұрғыны.

Құлпынайдың альбион сортын американдық ғалымдар 2006 жылдан өсіре бастаған. Жемістің бұл түрінің басты ерекшелігі — үздіксіз және ұзақ мерзімді жеміс беру қабілетінде екен. Құлпынай саудасынан әжептеуір пайда табуға болатынын әңгімелеген Зылиха Маусымбекованың шаруасымен аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров танысып, ісіне сәттілік тіледі.

ҚЫРЫҚҚАБАТ ПІСІП, ЭКСПОРТҚА ШЫҚТЫ

Келес – еліміздің оңтүстік нүктесінде орналасқан аудан. Мұнда көктем ерте шығады. Диқандар да ерте қимылдап, көкөніс дақылдары сәуір айында пісе бастайды. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Бүгінде Түркістан облысы, Келес ауданында шаруалары қырыққабат жинауда.

Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының диқандары дайын өнімді экспортқа жөнелтіп жатыр. 15 жылдан бері диқаншылықпен айналысатын Нұрмұхаммед Омаров өзі төрағалық ететін шаруа қожалығы аумағындағы 1 гектар суармалы егістік алқабына қырыққабат өнімін егіп, 20 тонна өнім алды. Шаруа дайын өнімді Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сауда орындарына жөнелтілуде.

Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша 6 дана жаңбырлатып суару (барабандар) агрегаты алынып, нәтижесінде 64 га аумақта шаруалар жаңбырлатып суару арқылы өнім алуда.

Өңір шаруаларыбүгінде алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алужобасын сәтті жүзеге асыруда. Аталған жоба шеңберінде 320 шаруа қожалық жалпы 1655гектарға егіс екті. Сонымен қатар өнім көлемін арттыру және ағын суды үнемдеумақсатында 246,8 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Биыл суүнемдеу технологиясын 1037,8 га аумаққа ендіру жоспарланып, қажетті шаралар атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *