Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады және оны абыроймен алып жүру – бұлжымас міндет.
Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің бұзылу фактілері орын алған жағдайда Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің Facebookтағы: «Этика. Аудит Туркестан» арнайы парақшасына хабарламалар жіберуге мүмкіндіктеріңіз бар екенін еске саламыз. Сондай-ақ департаменттің басшылығы жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдерін арнайы бекітілген кесте бойынша қабылдау жүргізеді. Атап айтқанда, департамент басшысы Батырбек Көшербай әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін, басшының орынбасары Талғат Аймаханбетұлы Тултебаев әр аптаның жұма күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін, департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Нурида Маханқызы Сартаева күн сайын сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін Шымкент қаласы, Водопьянов көшесі, №14 үйдің екінші қабатында қабылдайды. Байланыс телефондары: тиісінше 8(7252)35-12-21; 8(7252)35-03-03 және 8(7252)35-12-21.
Өңір халқының мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың нәтижелі болуында Сіздермен орнатылған кері байланыстың рөлі ерекше болатыны айтпаса да түсінікті. Жалпы алғанда, халық пен үкімет арасындағы «көпір» болып саналатын әдеп жөніндегі уәкілдердің қоғамдағы «жат» қылықтарды жоюдағы алғашқы қадамдарының ашық, шынайы болуы үшін «бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші, атсалысуға шақырамыз.
Нурида САРТАЕВА,
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы – әдеп жөніндегі уәкілі.