Сәуле ҚАЛЫБЕКОВА, Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейінің директоры: БАЛАЛАР МЕКТЕБІН, ҰСТАЗДАРЫН САҒЫНЫП КЕЛУІ КЕРЕК

Қоғам
1 344 Views

– Алдымен баршаңызды ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсап, армандап өткен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Бұл – біз үшін киелі де құрметті мереке деп айта аламыз. Қазақ қазақ болып қалыптасқан, өзінің мемлекеттікрәміздерін айқындап, шекарасы шегеленіп, тілі, діні, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрісақталған мереке. Оны үлкен алпауыт мемлекеттерге танытып жүрген бұл –Елбасымыздың көрегенділігі, парасатты саясаты деп білеміз. Себебі оның әрбірқұрған стратегиялық жоспары, бағдарламалары елімізді биік тұғырға көтеріп отыр. Биылғы Жолдауы да ұстаздардың мәртебесін көтергендей болды. Оларға арнайы заңқабылдау қажеттігі, жалақыларының көтерілуі айтылды. Қазақстанның жүрегісаналатын – Астана қаласында сан алуан форумдардың өтуі, оған бүкілшетелдіктердің келіп қатысып, қазақ елінің экономикасының дамып жатқанына көзжеткізуі, Елбасымыздың ата-бабасынан қонған білімділігін, қайсарлығын, қайтпасмінезін көрсетеді. Бұл Жолдау әрбір мұғалімнің жүрегінен орын ала білді.Қазіргі таңда білім саласына Елбасымыздан бастап, бүкіл Қазақстанның әрбіразаматы мұғалімге ерекше көзқараспен қарап, толғандырып отырғаны қай ұстаздыболса да ойландырмай қоймайды. Соның айғағы ретінде айтар едім, жақында Халықаралық«Болашақ» бағдарламасының аясында біз Финляндия елінде білім алып келдік.Төрткүл әлемде орта білім саласынан Суоми елі бірінші орында тұр. Біз барғандаБразилия, Испания елдерінен келгендер де оқып жатты. Сонда сол елдерөкілдерінің айтқаны, Қазақстан десе барлығы Назарбаевты таниды. Назарбаев бүкіләлемге бейбітшілік пен тыныштық сыйлағысы келетін Президент. Бүкіл әлемсыйластықта, бейбітшілікте, татулықта өмір сүрсе екен деп тілейтін Елбасыларыңызбар екен деп айтқанда, біз қатты қуандық. Тағы бір ерекше айтатын жағдайЕлбасының «Болашақ» бағдарламасын бүкіл әлем біледі. Дамыған елдерге қазақтыңжастарын жіберіп, шетелдерге шығуға мүмкіндік беріп, аты шыққан Кембридж, Гарвард,Оксфорд университеттерінде білім алуларына мүмкіндік жасап отырғанына дән риза.Сол біліммен келіп, Қазақстанның экономикасын дамытып отыр. Тұңғыш рет Шымкентқаласында қала әкімінің бастамасымен Назарбаев зияткерлік мектебінен мұғалімдербарып оқып келіп, қазір осында іс-тәжірибемізбен бөлісіп отырмыз.

Қазіргі Шымкент қаласы білім басқармасының жұмысы жақсы жолға қойылған.Мұғалімдер күнделікті іздену үстінде. Ай сайын шетелдерден, Ұлыбританиядан,Назарбаев университетінің тәжірибелі ұстаздарын шақырып, семинар-тренингтер,конференциялар өткізілуде. Мұғалімдердің өз кәсібіне деген қызығушылығы артып,жұмысқа деген талпынысы күшейіп келеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Елбасының тапсырмасын жүйелі орындап, ізгілікті де игілікті істер атқарып келеді. Мұғалімдердің біліміне қарап, дәрежесі мен айлық жалақыларын өсіріп отыр. Бұл – халықтың да жағдайы жақсарады деген сөз. Болашақ ұрпақ тәрбиесі – бүгінгі ұстаздарымыздың қолында. Бұл үлкен міндет деп білеміз. Қазіргі Шымкент қаласы білім басқармасының жасап отырған ерекше жұмыстарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектептерде арнайы мемлекеттік шот ашпақшы. Біздің мектебімізді бітірген түлектеріміз кейін де өздерінің білім алған «алтын ұяларына» көмектесу мақсатында ізбасар ұрпаққа кітаптар жеткізу үшін осы қайырымдылық қорына ақша салатын болса, біз оны электронды түрде бағалай аламыз. Ата-аналардан, ұстаздар кеңесінен құралған қамқоршылық қоры шоттағы қаржыны бақылайды. Ол қаржы қалай жұмсалатынын есептеп отырады. Мәселен, біз жақында мектебімізде бір кабинет ашуды жоспарлаудамыз. Бұл кабинет беделді ұстаз, уақытысында физика пәнінің маманы арналған. Сол кісінің ұл-қыздары әкесі шығарған кітаптарын әкеліп, кабинетті жабдықтап бермекші. Кабинетте оқушылар білім алып, осындай ұстаздар болған екен, кейін біздің атымызда немесе ата-анамыздың атында осындай кабинеттер болса деген оймен үлгі-өнеге алады. Білімге берілген қаржы, еңбек, соның барлығы үлкен сауап тірлік. Сондықтан біз келешекте көзі ашық, білімді, қазақ елінің тұтқасын ұстайтын патриот азаматтарды өсіріп жатсақ, ертең олар есейгенде осы мектепке көмек қолын созып, қолдап жатса, ол біздің нәтижелі еңбегіміз деп есептейміз. Осыны біз бірінші болып ашқалы отырмыз. Бүгінде құжаттар дайындалу үстінде.

Мектебімізде ІТ сыныптар ашу да жоспарда бар. Қазірде алты ІТ сыныбымыз жұмыс істейді. Информатика сабағын тереңдетіп, балалар өздері ескірген компьютерлерді жөндеп, бітіріп кеткен түлектерді шақырып, өздері робот жасап, өздері арнайы бағдарламалар құрып үйренеді. Біздің мектепті бітірген түлектер өздері арнайы сайт ашып беріп отыр. Бұл да біздің шәкірттеріміздің еңбегі.

Өмір болған соң қиын жағдайлар кезігетіні мәлім. Мектепке келіп оқи алмайтын мүгедек балалар да қамқорлық құшағында. Сол жандарды білімді азаматтардың қатарына қосу үшін денсаулығы жарамды балаларды мектепке әкеліп, жарыстар ұйымдастырып, нашар балалардың үйіне барып оқытып, осы секілді қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырудамыз.

Біз балаларымыздың ынтымақтастығының арқасында көп тірлік істеудеміз. Шәкірттеріміз дендросаябағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызып, мектебіміздегі станоктардың көмегімен құстарға ұялар жасады. Мектептің айналасындағы ағаштардың барлығын өзіміздің оқушыларымыз отырғызған. Сол ағаштарға ұя қойып шыққан. Балалардың мейірімділігі, тәрбиесі бірінші орында. Содан кейін ғана білім деген қағиданы ұстанамыз.

Сонымен қатар басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Дамыған мемлекеттерде оқушылар бесінші сыныптан бастап келешекте кім болатынын ұғына бастайды екен. Сол қағиданы ұстана отырып 7-9 сыныптар аралығындағылардың кәсіпкер, дәрігер ата-аналарын шақыртып отырмыз. Олар оқушыларды қатыстыра отырып, өз жұмыс жолдарында қандай қиындықтардан өтті, осы жетістіктерге қалай жеткендіктері туралы, өз мамандықтарыңызды қалай таңдадыңыз деген сияқты сұрақтар қойып, сауалнама жұмыстарын жүргізбекшіміз. Тек теория түрінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де көрсетіп өту үшін біз бірнеше зауыт, фабрикалармен келісімшарттарға отырғанбыз. Осындай мамандықтар ұнай ма деген оймен оқушыларды сонда апарамыз.

Финляндиядан үйреніп, көңілге түйіп келгеніміз – бала мектебін жақсы көріп, ұстаздарын, достарын сағынып келуі керек. Сол кезде ғана оған берілген білім, тәрбие қонады деп есептеледі. Әлі де үйренетініміз, атқарған жұмыстарымыздан істейтін тірліктеріміз көп. Айына 300-400 мың теңге жалақы алатын ұстаздар да баршылық. Өйткені, олардың біліктілігі мен санаттары жоғары. Бүгінде кез келген мұғалімнің өз біліктілігін арттыруға толық жағдай жасалған. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өтуіне де мүмкіндік беріліп отыр. Қалалық білім басқармасында ілгері дамушылық айқын сезіледі. Басқарманың бүгінгі басшысы Ақерке Абылайханқызы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен білім алған, білікті, көзі ашық жан. Франциядан, басқа да шетелдерден ғалымдарды шақыртып, олардың білімімен, тәжірибесімен бөлісуде. Мұндай іс-шараларға қатысқан ұстаздарымыз тек жаратылыстану бағытын ғана емес, ағылшын тілін де білуі керек, алға қарай дамуымыз керек деп айтып келеді. Бұған семинар, конференциялардың арқасында көздері жеткен. Креативті мұғалім көп болуы керек. Ізденісі мен білім деңгейін күнделікті дамытып, ой өрісін өсіріп отыруы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *