МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САЯСИ ТҰРҒЫДАН БЕЙТАРАП БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Саясат
378 Views

Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезіне қатысты. Осы күні ол партия қатарынан шығып, төрағалықты Е. Қошановқа тапсырды.

«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынаншығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап«Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығутуралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымдыайтамын. Сондай-ақ, жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшінризашылығымды білдіремін. Біз бірлесіп, көп жұмыс атқардық. Дегенмен, уақыт бірорында тұрмайды. Қазір талай нәрсе өзгеруде. Алдымызда ауқымды міндеттер бар.Бүгінде еліміздегі барлық саланы түбегейлі монополиядан арылту аса маңызды. Осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек. Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сауал жиі қойылып жүр. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап беруге болады.

Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде әділетті Қазақстан. Азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындайықшы. Қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде тіпті әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жатады. Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды. Сондықтан «Amanat» партиясының алдында осы олқылықтардың орнын толтыру міндеті тұр. Азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін сіздер халық өкілдерімен етене жұмыс істеулеріңіз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев партия съезінде.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *