«МЫҢ АСҚАНҒА БІР ТОСҚАН» НЕМЕСЕ ХАЛЫҚПЕН САНАСПАҒАНҒА НЕ ЖАЗА?

Мәселе
748 Views

2020 жыл Республикамыз, соның ішінде Шымкент қаласы үшін ауыр жыл болғаны баршаға белгілі. Бір бүйректен пандемия қысса, бір бүйректенәлеуметтік-экономикалық жағдайлар көңілді құлазытты. Шымкент республикалықмаңызы бар қалаға айналып, республикалық бюджеттен қыруар қаржылар әлеуметтің,инфрақұрылымдардың дамуы үшін лек-легімен бөлінді. Игерілгені игерілді,игерілмегені қалды. Қала әкімі М.Әйтенов мырза шама-шарқы жеткенше ілгерілетугебар күшін салды. Өкінішке қарай, адам болған соң қателікте болады демекші, кадрмәселесінің қадірі қашуына да септігін тигізді. Бұл шындық. Денсаулық сақтаусаласында бірнеше сәтсіз ауыс-түйістер болды, өз орынбасарлары да тұрақтамай,ауысып жатты. Солардың бірі Шымкент қаласының дене шынықтыру және спортбасқармасына О.Почиваловты тағайындап, «тазға жолықты». Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газеті бұл тақырыпта бірнеше зерттеу материалдар жариялап,тиісті құзырлы мекемелер назарына және қала басшысының өзіне де арнайы жолдағанболатын. Ең сорақысы 2020 жылдың соңында Почиваловтың Ресей және Қазақстанныңазаматтығын алғаны әшкерленіп, оның бұл қызметте заңсыз отырғаны ерекшежазылған болатын. Біз көтерген мәселе күні бүгін, яғни 03.02.2021 ж.№06-26-04/91 шығыс хатымен өз дәлелін тауып, нүктесіне жетіп отыр. ҚР-ныңМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментібасшысы А.Көмекбаевтың қол қоюымен Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке арнайыхат жолдады (көшірмесін назарларыңызға ұсынамыз).

Көріп тұрғандарыңыздай өткен жылы көтерілген мәселе шынайы шындыққа сәйкес келіп, мемлекеттік қызмет Заңдары өрескел бұзылғанын дәлелдеп отыр. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» демекші не үшін Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінен, ҚР Көші-қон полиция комитетінен, Шымкент қаласы Ішкі істер полиция департаментінен Ресейден алынған мәліметті дер кезінде хабарламастан, О.В.Почиваловтың 21.01.2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматы емес, Ресей Федерациясының азаматын Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын бүгінгі күнге дейін жалғастыра беруіне жол берген. Шымкент қаласының әкімі және осы салаға жауап беретін орынбасары М.Исахов заң алдында қалай ақталар екен?

Себебі, О.В.Почивалов және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов екеуі бірігіп алып бюджеттен миллиондаған қаржы жымқырылу процесіне қатысты болуы әбден мүмкін. Пандемия кезіндегі Шымкент қаласы әкімінің өкімімен 19.06.2020 жылы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына Олег Владимирович Почиваловты конкурстың қорытындысына сай тағайындауы сыбайластықтың арқасында деп жоғары көрсетілген инстанцияның барлығына 24.07.2020 жылдан бері 35 рет арызданған Ж.Т.Пралиев (№3 спорт мектебі директорының орынбасары, заңгер) мырзаның көтерген мәселесіне немқұрайлы қараған. Одан бөлек, Почиваловтың іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қаралып, О.В.Почиваловтың конкурссыз өзінің танысын спорт мектебіне директор етіп тағайындағаны үшін «коррупционное наказание» беріліп, ЦПСИИ-ға коррупционный карточка ашылып, лауазымына толық сәйкес емес деген ескерту тәртіптік жаза берілсе де, қала әкімінің оған ешқандай шара көрмегені ненің белгісі дейсіз?!

Мемлекетіміздің қолданыстағы заңдарына сүйенсек О.Почивалов Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 496-бабының 1-тармақшасына сәйкес 100 АЕК мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бұл бастамасы. Ал, қылмыстық деңгейіне сәйкес О.В.Почиваловтың 2005 жылдан бері Ресей елінің азаматы болуына байланысты, 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алған барлық мүліктері, елімізге тиесілі жер, су, тау, демалыс орындарына қатысты түзілген мәмілелер, жергілікті атқарушы органдардың актілері, қаулылар жарамсыз деп танылып, бюджеттен алған айлық жалақылары, субсидиялары, ашқан фирмалары арестке алынып, сот арқылы арнайы айыппұлымен мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Бұл Заңның талабы.

Үш күннен бері қала әкімі Әйтеновтен «әу» деген дыбыс шықпай, үнсіз отырғаны Шымкент халқының ашу-ызасын келтіріп отыр. Шымкентке шын жанашыр ретінде сол күні-ақ жұмыстан босатып, қылмыстық тексеруге тапсырма беретен президенттің өкілі Әйтенов неге дәрменсіз?!

Онымен қоса шетелдің азаматын жұмысқа алған жұмыс берушінің де, яғни қала әкімінің мәселесі Президент алдында заңға сәйкес қаралуы керек. Қанша жерден әкім болса да заң астында. Онсыз да бүкіл республика телеарналар арқылы көріп, біліп отыр. Оның үнсіздігі бүкіл қазақ халқын Ресейдің бір азаматына жығып бергенін байқатпай ма? Өзін олигарх сезінген Почивалов полиция департаменті берген мәліметті жоққа шығарып, полицияны сотқа бергені түсініксіз жағдай. Бұл Тәуелсіз елімізді және ұлтымызды басынғанмен пара-пар.

Қуанышбек БОТАБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *