ШЫМКЕНТТЕ БАЛА-ШАҒАМЫЗБЕН КӨШЕДЕ ҚАЛДЫҚ

Мәселе Қоғам
184 Views

«Бала-шағамызды қолымызға алып, көшеде қонуға мәжбүрміз». Осылай деп ашынған бір топ шымкенттік жас отбасылар, мемлекеттің берген баспанасына тұрақтай алмай келеді. Себебі ол үйлерде көгілдір отын, ауыз судың мәселесі шешімі табылмаған. Құрылысы жаңадан аяқталған көп қабатты үйлердің жас тұрғындары жақындап көшіп келген, алайда қайта жаңарту жұмыстарын жүргізбесе болмайды дейді пәтер иелері.

Қолдарына пәтерлерінің кілтін ұстап, көптен бері армандаған баспанамызға қол жеткізген олардың қуаныштары су сепкендей басылған. «Армандаған пәтеріміз, арман қиялымыздағыдай күйде болмай шықты. Не жылуы, не жылытатын газы жоқ, тіпті ауыз су тартылмаған, Бірақ ай сайын мемлекетке төлем жасап отырмыз» дейді ашынған отбасылар.

Шымкенттік тұрғын Меруерт Абайқызы қолындағы баласымен күнделікті жалдамалы пәтерлерді жалдап күнелтіп жүрмін дейді. Жұмысына барудың өзі мұңға айналған.

— Пәтер алғанда қуанғанымнан заттарымды әкеліп қойдым. Алайда баспанада қонақтамақ түгілі бір минутта тұру мүмкін емес, — дейді жас ана.

Күн батса тәулікке пәтер жалдап, таң атса көлікті паналап әйтеуір күнімізді сүріп жүр. Ал құрылысты салған мердігер компанияның мүшелері тұрғындарды үркітіп-қорқытатын көрінеді. Бойларын қорқыныш билеген жастар шыдамның да шегі бар екендігін алға тартып отыр.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген ИНТЕГРА компаниясының басшыларына хабарласып ақ қарасына көз жеткізуге тырыстық. Алайда мардымды жауап ала алмадық. Әйтеуір Абай ауданының әкімшілігінен жауапты мамандар табылды. Олардың айтуынша әрбір үйдің газ құбырларынан ақау кеткен. Оны қалпына келтіру компанияның құзыретінде. Ал компания оларды ауыстыруға құлықсыз танытып жатыр дейді әкімшілік қызметкерлері.

Мемлекеттің бағдарламасы аясында бой көтерген көп қабатты тұрғын үйлердің сапасы да сын көтермейді. Қабырғалары сөгітіліп есік-терезі қирап қалған. Тіпті есік алдында төселген аяқ жолдары да мәз емес. Үйлердің жан-жағы қоқыс пен нәжісханаға айналған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *